Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Көліктік бақылау комитетінің жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 18 сәуір N 599.

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 P991756_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің

түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың 
(лицензиялардың) тізбесінде:
     реттік нөмірі 3-жолда:
     2-бағандағы "және туризм" деген сөздер алынып тасталсын;
     3-бағанда:
     "әуе көлігімен", "авиациялық жұмыстар", "әуежайларда жолаушылар мен 
жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызмет" деген сөздер алынып 
тасталсын;
     "қауіпті жүктерді" деген сөздерден кейін "әуе көлігінен басқа" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын:
"37. Қазақстан                 әуе көлігімен жолаушылар мен жүктерді
Республикасы Көлік             тасымалдау, әуе көлігімен қауіпті 
және коммуникациялар           жүктерді тасымалдау, авиациялық жұмыстар, 
министрлігінің                 әуе кемелеріне, жолаушыларға және 
Азаматтық авиация              әуежайлардағы жүктерге қызмет 
комитеті                       көрсетуге байланысты әуежайлық қызмет";
     2) "Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм 
министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1334  

P991334_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік, 
коммуникациялар және туризм министрлігінің Көліктік бақылау комитеті 
туралы ережеде:
     10-тармақта:
     2)-тармақшада:
     "көліктің" деген сөздің алдынан "әуе көлігінен басқа" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     "әуе кеңістігін" деген сөздер алынып тасталсын;
     3)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "3) әуе көлігінен басқа, көліктің барлық түрлерін қауіпсіз 
пайдалануды қамтамасыз ету";
     11-тармақта:
     1)-тармақша "жеке тұлғалардың" деген сөздерден кейін "әуе көлігінен 
басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
     3)-тармақшадағы "көліктік қызметтер" деген сөздердің алдынан 
"авиациялықтан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
     7), 8), 9), 10), 11), 12), 13)-тармақшалар алынып тасталсын;
     12-тармақта:
     3)-тармақшада:
     "көліктің барлық түрлерінде" деген сөздердің алдынан "әуе көлігінен 
басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
     "әуе кеңістігін" деген сөздер алынып тасталсын;
     4)-тармақшадағы "әуе кеңістігін" деген сөздер алынып тасталсын;
     9), 10), 11)-тармақшалар алынып тасталсын;
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                          2000 жылғы 18 сәуірдегі
                                        N 599 қаулысымен бекітілген
      
                      Қазақстан Республикасы
           Көлік және коммуникациялар министрлігінің
                Азаматтық авиация комитеті туралы
                              Ереже 
     
                          1. Жалпы ереже
     


      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - Комитет), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк саясатын iске асыруды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, үйлестiру мен реттеудi және әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын ведомство болып табылады. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.24. N 821
               қаулысымен. P020821_
      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
      Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      6. Комитеттің заңдық мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" мемлекеттік мекемесі.
      8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      10. Комитеттің негізгі міндеттері:
      1) азаматтық және эксперименталдық авиация саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
      2) азаматтық және эксперименталдық авиацияның әуе кеңістігін пайдалану саласындағы қызметін мемлекеттік бақылау мен басқару;
      3) азаматтық авиация субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу мен үйлестірудің нысандары мен әдістерін әзірлеу және жетілдіру;
      4) әуе кеңістігін пайдаланудың, әуе қозғалысы мен азаматтық және эксперименталдық авиация субъектілерінің қызмет тәртібін айқындайтын заң және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      5) азаматтық авиациядағы объектілер мен пайдаланушылар тізілімін және сертификаттауды жүргізуді ұйымдастыру;
      6) азаматтық және эксперименталдық авиацияда ұшулардың қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қадағалауды қамтамасыз ету;
      7) өз құзіретінің шегінде азаматтық авиация саласында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
      11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) экономика мен әуе тасымалдарын авиациялық жұмыстар мен қызмет көрсетулерге қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қатысу және авиакөлік рыногы мен бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
      2) азаматтық авиацияны дамытудың тұжырымдамалары мен бағдарламаларын, оларды іске асырудың ұйымдастырушылық және қаржылық тетіктерін әзірлеу, инвестицияларды азаматтық авиацияның салаларын дамытуға тартуға арналған шарттар мен басымдылықтарды қалыптастыруға қатысу;
      3) әуе кеңістігін пайдалану, әуе қозғалысын ұйымдастыру мәселелерін және азаматтық және эксперименталдық авиацияның қызметін реттейтін жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қолданылып жүргендерін жетілдіру;
      4) авиациялық техникаға, әуе қозғалысының қызмет көрсету құралдарына, әзірлеуге қатысу, авиакөліктік инфрақұрылымдардың объектілерін салу, пайдалану және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар мен техникалық шарттарды қызметтің авиациялық түрлерін жүзеге асыру кезінде еңбекті қорғаудың нормалары мен экологиялық талаптарды әзірлеуге қатысу;
      5) әуе кеңістігін үйлестіру, дамыту және тиімді пайдалану, азаматтық авиацияда аэронавигациялық және метрологиялық қызмет көрсетуді жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
      6) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы мен жіктелімін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      7) ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ұшулардың қауіпсіздігі мен авиациялық техникаларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың орындалуының жай-күйін талдауды және қадағалауды ұйымдастыру, авиациялық оқиғалар мен қақтығыстардың алдын алу және тергеуге қатысу, өз құзіретінің шегінде әуе кемелерін, әуежайларды (аэродромдарды) пайдаланушылардың және азаматтық және эксперименталдық авиацияның басқа да ұйымдарының, сондай-ақ авиациялық қызметшілердің қызметіне инспекторлық тексерістер жүргізу;
      8) авиациялық қызметшілердің шет мемлекеттерде берілген куәліктерін жарамды деп тану жөнінде қорытындылар беру;
      9) әуе кемелерін пайдаланушылар мен азаматтық авиацияның өзге де субъектілерінің авиация қызметшілерінің денсаулығы жағдайы мәселесі жөніндегі белгіленген талаптар мен нормаларды әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын мемлекеттік бақылау;
      10) авиациялық қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеуге қатысу, оларды Қазақстан Республикасы азаматтық авиация оқу орындарында даярлау бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ азаматтық авиация қызметкерлерінің жекелеген санаттары үшін айыру белгілерін белгілеу;
      11) король әулетінің адамдарын мемлекет, үкімет басшылары мен олар басқаратын делегацияларды тасымалдауға арналған ұшуларды дайындауды қамтамасыз ету;
      12) азаматтық авиация әуе кемелерін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде бастап (алып) жүруді ұйымдастыру;
      13) азаматтық және эксперименталдық авиацияның азаматтық әуе кемелері мен әуежайларын (аэродромдарын), техникасын, әуе жолдарын, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталықтарын, авиациялық қызметшілерін пайдаланушыларды сертификаттау бойынша жұмысты орындауды ұйымдастыру, тиісті куәліктер (сертификаттар) беру және олардың күш мерзімін ұзарту;
      14) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнің

мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргізуді қамтамасыз ету, олардың мемлекеттік 
тіркелуі туралы тиісті куәліктер беру және әуе жолдары мен аэродромдардың 
тізілімін әзірлеу; 
<*>
 
     15) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес 
азаматтық авиация саласындағы қызметтi лицензиялау; 
<*>
 
     16) азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласуға қарсы шараларды, 
сондай-ақ басқа да авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын әзірлеу 
және ұйымдастыру;
     17) азаматтық авиацияда жұмылдыруға дайындау және азаматтық қорғаныс 
бойынша белгіленген шаралардың орындалуын ұйымдастыру; авиация 
тасымалдарын орындау мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен 
өзара әрекет ету;
     18) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі саласында 
халықаралық шарттар (келісімдер) әзірлеуге және жасасуға қатысу, өз 
құзыреті шегінде осы шарттар мен келісімдер бойынша жүктелген міндеттерді 
орындауды ұйымдастыру; 
     18-1) азаматтық әуе кемелерiнің ұшуға жарамдылығын қолдауды 
бақылау; 
<*>
 
     18-2) ұшу қауіпсіздігі ережесiн, авиациялық қауiпсiздiк ережесiн және 
азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтік құжаттарды сақтауды 
бақылау; 
<*>
 
     18-3) халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруды бақылау; 
<*>
 
     18-4) халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде халықаралық азаматтық 
авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының өкiлеттігiн жүзеге асыру; 

<*>
 
     18-5) жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi және почтаны тасымалдау 
ережесiн бекiту; 
<*>
 
     18-6) тұрақты ұшулар кестесiн бекiту; 
<*>
 
     18-7) iшкi авиабағыттарды бекiту; 
<*>
 
     18-8) тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру, сондай-ақ 
тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру ережелерін және беруден бас 
тарту үшiн негiздердi анықтау; 
<*>
 
     18-9) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келісiм бойынша уақытша 
басқаруды енгiзу және уақытша әкiмшiлiк құру; 
<*>
 
     18-10) азаматтық әуе кемелерiнің техникалық пайдаланылуын бақылау 
ережесiн бекiту; 
<*>
 
     18-11) авиабағытты пайдалану шарттарын анықтау; 
<*>
 
     18-12) авиабағыттарға арналған куәлiктер беру; 
<*>
 
     18-13) азаматтық әуе кемелерiнің ұшуға жарамдылық нормаларын 
белгiлеу; 
<*>
 
     18-14) авиациялық техниканы, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке 
сатып алуға, мүлiктiк жалдауға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ 
өзге де пайдалану құқығына рұқсат беру; 
<*>
 
     18-15) аса жеңiл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау 
тәртiбін бекiту және аса жеңiл авиацияның авиация қызметкерлерiне 
аттестация жүргiзу; 
<*>
 
     18-16) бас әуе тасымалдаушысын анықтау ережесiн әзiрлеу; 
<*>
 
     18-17) ұшу қауiпсiздiгi және авиациялық қауiпсiздiк талаптарын 
бұзушылықтарды есепке алуды жүргiзу; 
<*>
 
     18-18) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi өз құзыретi 
шегінде қарау; 
<*>
 
     18-19) азаматтық авиация саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру; 
<*>
 
     18-20) авиация қызметкерлерiн қайта даярлау бағдарламаларын бекiту; 

<*>
 


      18-21) авиациялық қауіпсіздік қызметiнің басшысы мен мамандары лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту; <*>
      18-22) Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиациясының аттестаттауға жататын авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнің) тiзбесiн бекiту және аттестация жүргiзу; <*>
      18-23) киiм нысанының үлгілерiн (погонсыз) және айырым белгiлерiн, нысандық киiмді кию тәртiбiн, олармен қамтамасыз ету нормаларын және оны киюге құқығы бар азаматтық авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнің) тiзбесiн бекiту; <*>
      19) оған заңдарда жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.24. N 821
               қаулысымен. P020821_
      12. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мыналарға құқылы:
      1) халықаралық және шетелдік ұйымдарда өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүдделерін көрсетуге;
      2) азаматтық авиацияны дамытудың қазақстандық және мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын қаржыландыру мәселелерін шешуге қатысуға, сондай-ақ осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға;
      3) әуе кеңістігін пайдалануды, ұйымдастыруды, авиа-құтқару шараларын іске асыруды аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға;
      4) өз құзыреті шегінде әуе кеңістігін қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша барлық әуе кеңістігін пайдаланушылар үшін міндетті ережелер, нұсқаулар және басқа да нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
      5) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан қажеттi ақпарат, құжаттар, оның iшiнде қаржылық құжаттар сұрауға, сондай-ақ өз функцияларын орындау үшiн қажет түсiнiктемелер мен материалдарды талап етуге; <*>
      6) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінде азаматтық және тәжірибелік авиация әуе кемелеріне ұшуды орындауға арналған рұқсат беруге;
      7) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы туралы куәлікті беруді, алмастыруды және қолдану мерзімін ұзартуды шетелдік мемлекеттер берген азаматтық әуе сертификаттарын жарамды деп тану жөніндегі қорытынды беруді жүзеге асыруға;
      8) халықаралық ұшуға арналған әуежайларды ашу туралы ұсыныс енгізуге;
      9) біліктілік талаптарын және біліктілік сыныптарын азаматтық авиацияның авиациялық қызметшілеріне берудің тәртібін әзірлеуге;
      10) азаматтық және эксперименталдық авиацияның қызметін реттейтін белгіленген нормаларды, ережелерді, стандарттарды, талаптарды бұзуды жою жөнінде шараларды қабылдауға, пайдаланушының куәлігін (сертификатын) беруге және қолданылуын тоқтата тұруға;
      10-1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарына және пайдаланушыларға авиациялық қауiпсiздiк пен ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде орындау мерзiмiн белгiлей отырып, нұсқаулар және инспекторлық ұйғарымдар беруге; <*>
      10-2) борттық құжаттардың болуын, сондай-ақ шетелдiктi қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестiгін тексеруге; <*>
      10-3) авиация қызметкерлерiнiң куәлiктерiн, кеме, ұшу, әуеайлақ құжаттамасын және өзге де құжаттаманы тексеруге; <*>
      10-4) авиабағыттарды субсидиялау жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; <*>
      11) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.24. N 821
               қаулысымен. P020821_
      13. Комитеттің ұшуға рұқсаты бар лауазымды тұлғалары, белгіленген тәртіппен мамандығын көрсете отырып, ұшу тапсырмасының "Тексерушілер" бағанына, ал мұндай рұқсаты жоқтар - жазу жолымен әуе кемесі экипажының кабинасында болу құқығымен "Қызметтік жолаушылар" бағанына қосыла алады.

                      3. Комитеттің мүлкі

      14. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      15. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      16. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

               4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      17. Комитетті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
      18. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
      19. Төраға осы мақсатта:
      1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері

басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
     2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды 
және қызметтен босатады;
     3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне 
тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;
     4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
     5) мемлекеттік органдарда, халықаралық және өзге де ұйымдарда Комитет 
атынан өкілдік етеді;
     6) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
     7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
     
                  5. Комитетті қайта ұйымдастыру
                             және тарату
     
     20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.