Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Оқу-спорт орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 17 сәуір N 587

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Оқу-спорт орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 

      2. Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган ретiнде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiленсiн. 

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мынадай болып анықталсын:
      1) спорт ғимараттарын, спорттық жабдықтарды басқарумен және пайдаланумен байланысты қызметтердi жүзеге асыру;
      2) спорт ғимараттарын ұстау, дамыту және құрылысы.

      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңдармен белгiленген тәртiпте:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. "Республикалық мемлекеттiк, кәсiпорындар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 265-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" деген бөлiмде мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 461-11-жолмен толықтырылсын:
      "461-11 "Оқу-спорт орталығы"
      республикалық мемлекеттiк
      кәсiпорыны (шаруашылық
      жүргiзу құқығы бар)                      Алматы қаласы".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі