Павлодар облысы бюджетінің кредиторлық берешегін өтеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2000 жылғы 14 сәуір N 581

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1999 жылғы 26 сәуірдегі 8-012-4-9 іс жөніндегі шешімін орындау мақсатында, "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" және "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы 337 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Павлодар облыстық атқарушы органының "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамы алдындағы әлеуметтік мақсаттарға алған несиесі бойынша туындаған 1265000000 (бір миллиард екі жүз алпыс бес миллион) теңге сомасындағы кредиторлық берешегін міндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілік шеңберінде республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешегін өтеу есебінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өтеуі туралы Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссияның ұсынысына келісім берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      Павлодар облыстық атқарушы органының кредиторлық берешегін өтеуді қамтамасыз етсін;
      осы қаулының 1-тармағына сәйкес төленген сомаларды республикалық бюджетке өтеуді 2004 жылдан бастап 2004-2010 жылдардың ішінде келісілген кесте бойынша кейіннен орнын толтыруы туралы Павлодар облыстық атқарушы органымен келісім жасассын; <*>
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесіп республикалық бюджет алдындағы көрсетілген кредиторлық берешекті өтеу бойынша есеп айырысу жүргізуді қамтамасыз етсін.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.02.23. N 242
қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.06. N 225
қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Мемлекеттік кіріс және Энергетика, индустрия және сауда министрліктері "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамымен бірлесіп (келісім бойынша):
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік үлесі бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамына несиелерін қайтару кестесін белгілесін;
      бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүліктеріне талаптардың туындауын болдырмау мақсатында белгіленген тәртіппен олардың республикалық бюджет алдындағы берешектерін өтеуге "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамы берген көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің несиелерін уақытылы және толығымен қайтаруына бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі