Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы N 1160 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 сәуір N 567

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсететін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағаларды мемлекеттік реттеу жөніндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы N 1160 P991160_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 41, 358-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

     "Мұнай өңдеу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсететін 
қызметтердің жекелеген түрлеріне бағаларды мемлекеттік реттеу жөніндегі 
жекелеген мәселелер";
     2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Мұнай өңдеу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге 
мемлекеттік реттеу шаралары қолданылады деп белгіленсін.".
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.