1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым объектілерін жекешелендірудің 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 555 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасындағы Бiлiм және ғылым
объектiлерiн жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған
Тұжырымдамасы
Кiрiспе
1999 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк тапсырыс және бәсекелестiк ортаны мақсатты түрде құру жүйесiне көшу жолымен мемлекеттiк бюджет есебiнен көрсетiлiп отырған қызметтер көлемiн сақтай отырып, мемлекеттiк мекемелердi ұстауды қаржыландыруды төмендетуге бағытталған бюджеттiк экономикалық реформаның жаңа бағыты болып табылды.
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357 Z990357_ Заңына сәйкес білiм және ғылыми-техникалық саланың объектiлерi (ұйымдар) шектеулi мөлшерде мемлекеттiк мекеме ретiнде және негiзiнен мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар ретiнде көрсетiлген.
Тек мектептер, мектеп-интернаттар, балалар үйлерi ғана бiлiмнiң мемлекеттiк мекемелерi болып табылады. Барлық өзге ұйымдар мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар болып қайта құрылған.
Ғылыми-техникалық салада Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Сейсмологиялық тәжiрибелiк-әдiстемелiк экспедиция, академик Қ. Сәтпаевтың мемориалды музейi Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестациялық комиссиясы мемлекеттiк мекемелер болып табылады, ал 200-ден астам объект мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар болып қайта құрылған.
Жүргiзiлген институционалдық реформа бiлiм және ғылыми-техникалық сала объектiлерiн белсендi түрде жекешелендiруге әзiрледi. Сонымен қатар 1997-1999 жылдардағы бiлiмнiң коммуналдық меншiктегi объектiлерiн секторлық жекешелендiру нәтижелерi келеңсiз сипат алды.
Жалпы экономикалық жағдайлардың өзгеруi, бюджеттiк реформаны жүргiзу жекешелендiрiлiп отырған объектiлердiң құрамын өзгерту мемлекеттiң оның мемлекеттiк мүлiкке билiк ету жөнiндегi саясатын ауық-ауық түзетуiн және жинақталған тәжiрибенi ескере отырып, қолданылып жүрген заңды жетiлдiруiн талап етедi.
Қазақстан Республикасындағы Бiлiм және ғылым объектiлерiн жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ , "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру шаралары туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 U983834_ заң күшi бар Жарлықтарына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес және Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаевтың 1999 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттiң V сессиясының ашылуында айтылған тапсырмаларын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың 9-тармағын орындау үшiн әзiрлендi.
1. Жекешелендiрудiң өткен кезеңдерiн
әлеуметтiк-экономикалық бағалау
Мектепке дейiнгі және бiлiм объектiлерi
Желiнi оңтайландыруға, жеке секторды дамытуға бағытталған мектепке дейiнгi және орта бiлiм жүйесiн 1997-1999 жылдары реформалау негiзiнен мектепке дейiнгi және орта бiлiмнiң мемлекеттiк секторын қалыптастыруды аяқтады, осы ретте білімнiң коммуналды меншiктегi 1600 ұйым жекешелендiруге шығарылды.
Орта бiлiм объектiлерiн оңтайландыру нәтижесiнде 1999 жылғы 1 қыркүйекте республиканың 573 ауылдық елдi-мекендерiнде, оның үстiне олардың 510 елдi-мекендерiнде мектеп жасындағы 11473 бала тұрып жатқанына қарамастан, бiрде-бiр жалпы бiлiм беретiн мектеп жоқ. Аталған елдi-мекендерден жақындағы мектепке дейiнгi ара қашықтық 175 шақырымға дейiн жетедi.
1997 жылдан 1999 жылға дейiнгi кезең ішiндегi жеке мектептердiң даму қарқыны мынандай: 1997 жыл - 124, 1998 жыл - 180, 1999 жыл - 194 бiрл. Қазiргi жұмыс iстеп тұрған жеке мектептердiң негiзгi үлесi халықтың қалалық бөлiгiне тиедi. Yстiмiздегi жылы ауылда небары 10 мектеп немесе 635 бала оқып жатқан республикадағы 194 жеке мектептiң 5,2 пайызын құрайтын мектептер жұмыс iстеуде.
Соңғы жылдары, сондай-ақ бiлiмнiң интернаттық ұйымдары желiсiн қысқарту тенденциясы орын алып отыр (жекешелендiруден кейiн 1364 объектiден 461 ғана жұмыс жасауда).
Мектепке дейiнгi мекемелердiң желiсiн оңтайландыру 8526 ұйымының 7368-і (87 пайыз) бос тұрған деп жарияланып, одан кейiн жабылуға және жекешелендiруге шығарылуға әкелiп соқты. Осы ретте бос тұрған объектiлердiң бәрi бiрдей сұранысқа ие болмады. Нәтижесiнде бос тұрған объектiлердiң мемлекеттiк мүлкi жарамсыз болып қалды және жоғалып кеттi. 1999-2000 оқу жылының басына небары 1043 мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары жұмыс жасап отыр.
Сондай-ақ мемлекеттiк емес мектепке дейiнгi ұйымдардың даму серпiнi төмендегенiн айта кеткен жөн: 1996 - 319, 1997 -282, 1998 - 224, 1999 - 115 бiрл. Бүгiнгi күнi жекеменшiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының қызметi коммуналдық қызметтерге арналған тарифтердiң жоғарылығынан, халықтың төлеуге қабiлетсiздiгiнен, қатаң салық саясатынан рентабельдi емес. Бұдан басқа қазыналық кәсiпорын мәртебесiне көшу мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының экономикалық жағдайына, балалардың келуiне және контингенттiң қалыптасуына керi әсерiн тигiздi. Осыған байланысты, мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының мемлекеттiк желiсi жекеменшiк ұйымдармен бiрге оқыту және тәрбиелеу үшiн, аталған жастағы балаларды толық қамти алмай отыр.
Сонымен бiрге "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 23-бабының негiзiнде бес (алты) жастағы балаларды мектеп алдындағы даярлау мiндеттi және тегiн болып табылады, соған лайық мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының рөлi артады. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстанды дамыту стратегиясын 2030 жылға дейiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 Жарлығымен (4-бөлiм N 3 қосымша) Үкiметке мектепке дейiнгi бiлiм беруге халықтың аз қамтылған жiгiнiң қол жеткiзу жағдайын жақсарту жөнiнде тапсырылған.
Мемлекеттiк мектептен тыс ұйымдар желiсiнiң даму серпiнi мемлекеттiк мектепке дейiнгi білiм беру ұйымдарының дамуымен бiрдей өтедi. Жекешеленгеннен кейiн объектiлер бейiнi бойынша қолданылмады, соның нәтижесiнде қызмет көрсету аясы тарылды, жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк ұйымдардың толықтырылуы мен жүктемесi өстi.
Аталған бейiндi мемлекеттiк қолдауды Заңның мемлекеттiк мектептен тыс ұйымдардың бiлiм беру қызметтерiне қол жеткiзудi сақтауға негiзделген 19-бабы қамтамасыз етедi.
Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм ұйымдарын оңтайландыру мемлекеттiк кәсiптiк-техникалық училищелер желiсiнiң 1996 жылдың 1 қазанындағы 404-тен 1999 жылғы 1 қазанда 245-ке күрт қысқаруына әкелiп соқты. Оқушылардың саны 1999 жылғы 127158-тен 1999 жылғы 85380 адамға төмендедi. Жыл сайын оқушыларды қабылдау жоспары қысқаруда.
Аталған бiлiм деңгейiнiң жеке секторы бiрыңғай дамымай отыр. Бастауыш кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк емес ұйымдары мемлекеттiкке қарағанда небары 8,5 пайыз, орта кәсiптiк бiлiм 40 пайыз құрайды.
ТМД елдерiнде шағын және орта бизнестi дамытуға арналған бастауыш және орта кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк желiсiн едәуiр ұлғайту жөнiндегi iс-шаралар қабылданған.
Бiздiң елiмiзде де шағын кәсiпкерлiктi дамыту шеңберiнде оқушы жастарды бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының желiсi арқылы ерте кәсiптендiру мiндетi Заңмен қойылып отыр.
Жоғарыда айтылғанға байланысты мектепке дейiнгi және орта бiлiм объектiлерiнiң жұмыс iстеп тұрған желiсiн мемлекет меншiгiнде сақтап қалу жоспарланып отыр.
Жоғарғы кәсiптiк бiлiм,
ғылыми-техникалық сала объектiлерi
1999 жылдың бюджет реформасына дейiн республика меншiгiнде тұрған жоғары кәсiптiк бiлiм және ғылыми-техникалық сала объектiлерi жекешелендiрiлуге жатпайтын объектiлерге жатқызылған болатын.
2000 жылдың бюджетi, бiлiм және ғылыми-техникалық сала ұйымдарында жүзеге асырылған институционалдық өзгерiстер аталған салаларда жекешелендiру процестерiн тереңдетуге әкелiп отыр.
Президенттiң тапсырмалары мен мемлекет саясатын орындау үшiн заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатпайтын объектiлерден басқа республика меншiгiндегi жоғары кәсiптiк бiлiм және ғылыми-техникалық сала объектiлерiн заңдарда көрсетiлген тәртiппен акционерлiк қоғамдарға қайта құруға немесе кейiннен сатып алу құқығымен сенiмдi басқаруға беру жоспарланып отыр.
Ерекше мәртебесi, аумақтық белгiсi бар, аса тапшы мамандарды оқытып шығаратын және түйiндi зерттеулердi жүзеге асыратын объектiлер жекешелендiруге жатпайды.
Мәртебесi және әлеуетi бойынша аса iрi және бiрегей объектiлер осы кәсiпорындарда жұмыс iстейтiн еңбек ұжымдарының мүдделерiн ескере отырып, Жарлықтың 7-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қабылдаған шешiмдерi бойынша жекелеген жобалар түрiнде жекешелендiруге жатады.
2. Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары мен мiндеттерi
Бiлiм және ғылыми-техникалық саладағы объектiлердiң қызметiне тән ерекшелiктердiң анықталуы, республика меншiгiндегi объектiлердiң бiрегейлiгi негiзiнде Тұжырымдаманың мақсаты жекешелендiрудiң негiзгi бағыттарын заңда белгiленген тәртiппен айқындау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 30-бабында азаматтарға мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуға кепiлдiк берiлген. Орта бiлiмнiң мемлекеттiк жүйесiнiң ауқымы мен өсу нормалары қолданылып жүрген заңдармен айқындалған.
Мақсатқа жету мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi:
бiлiм және ғылым салаларындағы жекешелендiрудiң бағыттары мен шекараларының бiрыңғай тұжырымдамалық негiздерiн әзiрлеу;
бiлiм және ғылым объектiлерiн жекешелендiруге шығарудың негізгi принциптерiн айқындау;
жекешелендiрудiң мерзiмдерi мен түрлерiн белгiлеу жөнiнде жұмыс комиссиясын құру;
бiлiм және ғылым ұйымдарының жекешелендiру шарттарын жасау;
жекешелендiрудiң кезеңдерiн айқындау;
бiлiм және ғылым объектiлерiнiң Тiзбесiн әзiрлеу:
а) мемлекет меншiгiнде сақталатындар (жекешелендiруге жатпайтындар);
б) жекешелендiруге жататындар;
республика меншiгiнде тұрған және жеке жобалар бойынша заңда белгiленген тәртiппен жекешелендiрілетiн жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық сала объектiлерiнiң Тiзбесiн әзiрлеу.
3. Бiлiм және ғылыми-техникалық саланың объектiлерiн
жекешелендiрудің негізгi принциптерi
Жекешелендiрудi жүргiзген кезде оның негiзгi принциптерi: жариялылық, бәсекелестiк, заңды мұрагерлiк, лауазымды тұлғалардың жекешелендiрудi жүргiзудiң заңдылығы үшiн және жекешелендiруге қойылған объектiлер туралы ұсынылған деректердiң дұрыстығы үшiн жауаптылығы болып табылады. Сонымен қатар, бiлiм және ғылым саласының ерекшелiктерiн ескере отырып, оның негiзгi принциптерiне:
азаматтардың тегiн мiндеттi орта білiм алуға және конкурстық негiзде жоғары бiлiм алуға деген конституциялық құқықтарын сақтау;
еңбек ұжымдарының құқықтарын сақтау жатады.
4. Жекешелендiрудiң негізгі түрлерi мен шарттары
Республикалық, коммуналдық меншiктегi бiлiм және ғылыми-техникалық салалардағы объектiлердi заңда белгiленген тәртiппен жекешелендiрудi осыған өкiлеттiгi бар мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Мемлекеттiк мүлiктiң мынадай түрлерi: мүлiктiк кешен тәрiздi кәсiпорындар, мекемелер; жекешелендiру томаға-тұйық технологиялық циклды бұзбайтын, кәсiпорындардың құрылымдық бiрлiктерi жекешелендiрудiң объектiлерi болып табылады.
Сатуға тiкелей қойылмайтын, бiрақ оның кейiннен сатылуын көздейтiн iс-қимыл ретiнде жекешелендiрудiң алдын-ала сатыларынан бiлiм және ғылым салалары үшiн:
1) мүлiктiк кешен тәрiздi кәсiпорындарды кейiннен сатып алу
құқығымен, белгiленген тәртiп бойынша, сенiмдi басқаруға беру; 2) кәсiпорындарды кейiннен акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сататын акционерлiк қоғам етiп қайта құру қолданылады. Бiлiм объектiлерiнiң әлеуметтiк маңыздылығын ескере отырып, коммуналдық меншiктегi бiлiм объектiлерiн жекешелендiруге шығару рәсiмi жөнiндегi қолданылып жүрген заңға, жергiлiктi атқарушы органдар жекешелендiруге жататын объектiлердiң Тiзбесiн бiлiм саласындағы орталық атқарушы органдармен алдын ала келiсу қажеттiгiне сәйкес өзгерiстер енгiзу жоспарланып отыр. Арнайы құрылған жұмыс комиссиясы бiлiм және ғылыми-техникалық салалардағы объектілердi жекешелендiрудiң түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейдi. 5. Тұжырымдаманы iске асыру кезеңдерi Тұжырымдаманы iске асыру екі кезеңді көздейдi: Бiрiншi кезеңде (2000-2001 жылдары) мынадай iс-шараларды жүргiзу қажет: жекешелендіру саласындағы қолданылып жүрген құқықтық нормаларды талдау; жекешелендiру алдындағы ұйымдастыру жұмыстарын өткiзу; - нормативтiк-құқықтық актiлер шығару; - жекешелендiруге жататын жоғары кәсiптiк бiлiм және ғылыми-техникалық объектiлерiнiң Тiзбесiн жасау; - жекешелендiруге жатпайтын жоғары кәсiптiк бiлiм және ғылыми-техникалық объектiлерiнiң Тiзбесiн жасау; - білiм және ғылым ұйымдарын жекешелендiру шарттарын;
- Тұжырымдаманы білiм мен ғылым ұйымдарының еңбек ұжымдарының арасында кеңiнен талқылай отырып, бiлiм және ғылым салаларындағы жекешелендiру бағыттарының бiрыңғай тұжырымдамалық негiздерiн бұқаралық баспасөз беттерiнде, радио мен телевизия арқылы жариялау.
бiлiм және ғылыми-техникалық салалардағы бiрқатар объектiлердi
жекешелендiрудi заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асыру iс-шараларын өткiзу қажет. Екiншi кезең (2002-2005 жылдары): жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңдегi қорытындысын шығару; жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңдегi қорытындысын ескере отырып, Тұжырымдаманың негiзгi бағыттарын жетілдіру; саяси және экономикалық өзгерiстердi ескере отырып, жекешелендiру жөнiнде ұсыныстар дайындау. Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.