Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң тәртiбi туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 сәуір N 547

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында жасалған Тәуелсіз 
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн 
транзиттiң тәртiбi туралы келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                           Ресми куәландырылған мәтін
     
          Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
             аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң тәртiбi туралы
                                  КЕЛIСIМ
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, үкiметтер тұлғасындағы осы Келiсiмге 
қатысушы мемлекеттер,


      1993 жылғы 24 қыркүйектегi Экономикалық одақты құру туралы Шарттың ережелерiн, 1995 жылғы 10 ақпандағы Достастық мемлекеттерi басшыларының Кеңесi Шешiмдерiмен қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер кеден заңдарының Негiздерiн, сондай-ақ 1994 жылғы 15 сәуiрдегi еркiн сауда аймағын құру туралы Келiсiмде және 1999 жылғы 2 сәуiрдегi оған өзгерiстер мен толықтырулар туралы Хаттамада, 1994 жылғы 15 сәуiрдегi кеден iстерiндегi ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келiсiмде бекiтiлген принциптердi басшылыққа ала отырып,
      өзiнiң транзит еркiндiгi принциптерiне берiлгендiгiн қуаттай отырып,
      кеден рәсiмдерiн сәйкестендiру жолымен тауарлардың халықаралық

транзиттiк тасымалдауларын оңайлатуға көмек көрсетуге ниет бiлдiре отырып,
     халықаралық транзиттiк тасымалдаулардың шарттарын жақсарту 
ынтымақтастықты дамытудың негiзгi факторларының бiрi болып табылады деп 
санай отырып,
     мына төмендегiлер туралы келiстi:
     
                                    1-бап
     
     Осы Келiсiм тауарлар мен көлiк құралдары транзитiнiң Тараптар 
аумақтары арқылы өтетiн транзитiнiң тәртiбiн анықтайды. Осы Келiсiмнiң 
мақсаттары үшiн 1995 жылғы 10 ақпандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына 
қатысушы мемлекеттер кеден заңдарының Негiздерiмен анықталған терминдер 
қолданылады.
     
                                    2-бап
     
     Тараптардың аумақтары арқылы транзитпен тасымалданатын тауарлар:
     өзгерiссiз жағдайда қалуы тиiс, табиғи тозу немесе тасымалдаудың және 
сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi кему салдарынан болған 
өзгерiстерден басқа;
     транзиттен өзге қандай да болмасын басқа мақсаттарда қолданылмауы;


      тауарды тасымалдаушы көлiк құралының, белгiленген бағыттың және тасымалдаудың басқа шарттарының мүмкiндiктерiнен туындай отырып, белгiленген кеден органына жөнелтушi кеден органымен белгiленген мерзiмдерде жеткiзілуге тиiс.
                                    3-бап




      Тараптар:
      осы Келiсiмге қатыспайтын мемлекеттерден Тараптың кеден аумағына басқа Тараптардың кеден аумақтары арқылы транзитпен әкелiнетiн;
      Тараптың кеден аумағынан басқа Тараптардың кеден аумақтары арқылы осы Келiсiмге қатыспайтын мемлекетке транзитпен әкетiлетiн;
      Тараптар арасында басқа Тараптардың кеден аумақтары арқылы транзитпен тасымалданатын көлiк құралдары мен тауарларға кеден баждары мен салықтары салынбайды.
      Аталған тауарларға және оларды тасымалдаушы көлiк құралдарына экономикалық саясат шаралары қолданылмайды (квоталауды, лицензиялауды, максимал және минимал бағаларды белгiлеудi, сондай-ақ ұлттық экономиканың әлемдiк шаруашылықпен өзара iс-әрекеттерiн реттейтiн басқа шараларды қосатын тауарларды әкелуге және әкетуге шектеулер).
                                    4-бап




      Тараптардың ұлттық заңдарымен транзитiне тыйым салынған тауарлардың жекелеген түрлерiнiң тiзбелерi, олардың транзитi үшiн Тараптардың уәкiлеттi органдарының арнаулы рұқсаттарын алу талап етiлетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң тiзбелерiн белгiлеуi мүмкiн.
                                    5-бап




      Тауарлардың және оларды тасымалдаушы көлiк құралдарының кеден шекарасын қиып өтетiн орындары, сондай-ақ оларды басқа көлiк құралдарына қайта тиеу орындары, соның iшiнде ұлттық заңдарға сәйкес партиялардың бөлшектенуiмен, аумағы арқылы транзит жүзеге асырылатын Тараптың кеден органымен анықталады.
      Тараптардың кеден аумақтары бойынша тауарлардың тасымалдануы, егер Тараптардың ұлттық заңдарымен өзге белгiленбеген болса, кез-келген маршруттар мен бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
      Апат немесе жеңуге мүмкiн емес күш жағдайларының туындау себебi бойынша транзиттi тоқтату жағдайында тасымалдаушы транзиттi тоқтату болған аумақ Тарабының ұлттық заңдарымен белгiленген нормаларды басшылыққа алады.
                                    6-бап




      Тараптардың кеден органдары сәйкестендiрудiң ұлттық құралдарын, сондай-ақ тауарлар мен оларды тасымалдаушы көлiк құралдарын бақылау үшiн қажеттi құжаттарды өзара мойындайды.
                                    7-бап




      Осы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Тараптар өздерiнiң кеден органдарына оның күшiне енген күнiнен бастап 3 айлық мерзiмде:
      а) алмасуды:
      тауарлар мен оларды тасымалдаушы көлiк құралдарының ұлттық шекараларды кесiп өтетiн орындардың тiзбелерiмен;
      олардың кеден аумақтары арқылы әкелуге, әкетуге және транзитiне тыйым салынған тауарлардың тiзбектерiмен;
      тауарлар мен оларды тасымалдаушы көлiк құралдары үшiн қажеттi сәйкестендiру құралдарының, құжаттардың үлгiлерiмен;
      әкелу, әкету және транзит Тарабының уәкiлеттi органдары беретiн рұқсаттар болған кезде әкелуге, әкетуге және транзитiне жол берiлетiн тауарлардың тiзiмдерiмен;
      б) осы баптың "а" тармағында аталған құжаттардағы кез-келген өзгерiстер мен толықтырулар туралы бiр-бiрiне осындай өзгерiстер мен/немесе толықтыруларды қабылдаған күннен бастап бiр айлық мерзiмде хабарлауды;
      в) тауарларды кедендiк алып жүруге алынатын алымдардың көлемiн анықтау принциптерiн қоса, тауарларды кедендiк ресiмдеу және кедендiк алып жүру ережелерiн сәйкестендiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындауды тапсырады.
                                    8-бап




      Тауарлар транзитiн қамтамасыз ету жөнiндегi құралдар мен қызметтер транзит мемлекетiнде экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға осы құралдар мен қызметтер ұлттық экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға берiлетiндерден кем емес жағдайларда берiледi.
      Тараптың кеден аумағындағы транзит кеден режимiн реттейтiн заңдылық тең мөлшерде экспорттаушыларға, импорттаушыларға және тасымалдаушыларға - резиденттер сияқты, бейрезиденттерге таралады.
                                    9-бап




      Осы Келiсiммен реттелмеген және Тараптардың кеден аумақтары арқылы

тауарлар мен оларды тасымалдаушы көлiк құралдарын тасымалдаумен байланысты 
мәселелер олардың ұлттық заңдарына сәйкес шешiледi.
     Осы Келiсiмдi қолдануға немесе пайымдауға байланысты даулы мәселелер 
мүдделi Тараптардың уәкiлеттi органдарының кеңестерi немесе келiссөздерi 
жолымен шешiледi.
     
                                    10-бап
     
     Тараптардың келiсуiмен осы Келiсiмге Хаттамалармен ресiмделетiн және 
осы Келiсiмнiң 12-бабында қарастырылған тәртiпте күшiне енетiн өзгерiстер 
мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкін.
     
                                    11-бап
     


      Осы Келiсiм оның мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мұндай қосылу туралы тиiстi құжаттарды депозитарийге беру жолымен барлық Тараптардың келiсiмiмен қосылуы үшiн ашылған.
                                    12-бап




      Осы Келiсiм оған қол қойған Тараптардың барлық қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi хабарды депозитариге сақтауға тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кешiрек орындаған Тараптар үшiн ол тиiстi құжаттарды депозитариге тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
                                    13-бап




      Осы Келiсiм оның күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл мерзiмге жасалады. Бұл мерзiм өткеннен кейiн, егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, Келiсiм автоматты түрде келесi 5-жылдық мерзiмге созылады.
      Тараптардың кез-келгенi Келiсiмнен бұл туралы депозитариге шығуға

дейiн 6 айдан кешiктiрмей жазбаша хабар жiберумен, осы Келiсiмнiң 
iс-әрекет уақыты кезiнде туындаған мiндеттемелердi алдын-ала реттеумен 
шыға алады.
     1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында түпнұсқалық бiр данада орыс 
тiлiнде жасалды. Түпнұсқа дана осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекетке оның 
куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 
Атқару комитетiнде сақталады.
     
Әзiрбайжан Республикасы                    Молдова Республикасы Yкiметiнiң 
  Үкiметiнiң атынан                                      атынан
      
Армения Республикасы Үкiметiнiң            Ресей Федерациясы Үкіметінің
         атынан                                          атынан
     
Беларусь Республикасы                      Тәжікстан Республикасы
  Үкiметiнiң атынан                           Үкіметінің атынан
     
Грузия Үкiметiнiң атынан                   Түрікменстан Үкіметінің атынан
     
Қазақстан Республикасы                     Өзбекстан Республикасы
  Үкiметiнiң атынан                          Үкіметінің атынан
     
Қырғыз Республикасы Үкiметiнiң             Украина Үкiметiнiң атынан
      атынан
         
         Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
        аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң тәртiбi туралы Келiсiмге
                         Әзербайжан Республикасының
                                  ЕСКЕРТПЕСI
     


      1. Әзербайжан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзит тәртiбi туралы Келiсiмде айтылған құқықтар, мiндеттемелер мен ережелердiң ешқайсысы Әзербайжан Республикасымен олар үшiн Әзербайжан Республикасының аумағы бастапқы, транзиттiк немесе соңғы аумақ болып табылатын оның аумағы арқылы өтетiн тасымалдауларға қатысты қолданылмайды.
      2. Әзербайжан Республикасы осы ескертпенің 1-бабының ережесiн

кез-келген уақытта өзгерту немесе алып тастау құқығын өзiне қалдырады және 
басқа Тараптарға кез-келген мұндай өзгерiстер немесе алып тастаулар туралы 
жазбаша түрде хабарланады.
     
Әзербайжан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
     
         Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
        аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң тәртiбi туралы Келiсiмге
                           Беларусь Республикасының
                                   ЕСКЕРТПЕСI
     
     8-баптың бірінші абзацы алынып тасталсын.
     
           "ТМД-на қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн         
                транзиттiң тәртiбi туралы" Келiсiмнің жобасына
                            Грузияның ерекше пікірі
     
     4-баптағы: "Ұлттық заңдармен..." сөздерінен кейін "және халықаралық 
міндеттемелермен..." сөздері қосылсын, бұдан әрі мәтін бойынша.
     
         ТМД-на қатысушы мемлекеттер үкіметтері басшыларының Кеңесі
               мәжілісі күн тәртібінің ІІІ-2 тармағы бойынша
                          Украинаның ескертпесі
     
     "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң         
аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң тәртiбi туралы Келiсiм туралы"
                                                     1999 жылғы 4 маусым
     
     "Украина аумағы арқылы өтетін акцизделетін тауарлардың транзиті 
ұлттық заңдарға сәйкес жүзеге асырылады".
     
Украина делегациясының басшысы,
Украинаның Премьер-министрі     
     
     Ұсынылып отырған мәтін 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында болған  
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшыларының Кеңесі мәжілісінде 
қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң тәртiбi туралы Келiсiмнің сәйкес 
көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын.
Атқару комитетінің Төрағасы -
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
Атқарушы хатшысы  
      Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.