Кедейлік шегін анықтаудың тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 8 сәуір N 537

Қолданыстағы
      "Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы және жыныстық-жас топтары бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеудiң тәртiбiн айқындасын.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен кедейлiк шегi туралы мәлiметтi Қазақстан Республикасының Yкiметiне тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн ұсынсын.
      4. Мыналар:
      1) "Халықтың тұрмыс деңгейiнiң негiзгi көрсеткiштерiн анықтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1150 P961150_ қаулысы;
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi

N 1150 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан 
Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 18 қарашадағы N 1175  

P981175_

  қаулысы;
     3) "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 
1150 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
1999 жылғы 10 мамырдағы N 554  

P990554_

  қаулысы күшiн жойды деп танылсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                                   Қазақстан Республикасы
                                                         Үкiметiнiң
                                                   2000 жылғы 8 сәуiрдегi
                                                      N 537 қаулысымен
                                                         бекiтiлген
     
                    Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртiбi туралы
     


      Осы Тәртiп "Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және кедейлiктiң шегiн анықтаудың тәртiбiн белгілейдi.

                             1. Негiзгi ережелер

      1. Кедейлiктiң шегі - кiрiстiң адамның ең аз қажетiн қанағаттандыру үшiн қажеттi шегi.
      2. Кедейлiктiң шегi ең төменгi күнкөрiс деңгейi негiзiнде белгiленедi және аз қамтамасыз етiлген адамдарға мемлекеттiк әлеуметтiк атаулы көмек көрсету кезiнде өлшем ретiнде пайдаланылады.
      3. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеу үшiн ең қажеттi азық-түлiктiк емес тауарлар мен қызмет көрсетулерге арналған шығыстардың белгiленген үлесi ең төменгi тұтыну себетi құнының 30 процентi мөлшерiнде белгiленедi.

                     2. Кедейлiктiң шегiн айқындаудың тәртiбi

      4. Кедейлiк шегiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi экономикалық мүмкiндiктерге қарай, тоқсан сайын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен проценттермен белгілейдi.
      5. Кедейлiктiң шегiн жан басына шаққандағы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң тоқсан сайынғы есептерi негiзiнде:
      республика бойынша - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;
      аймақтар бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек

және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдары есептейдi.
     6. Бұқаралық ақпарат құралдарында ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен 
кедейлiктiң шегi туралы мәлiметтердi - тоқсан сайын, кедейлiктiң шегінен 
де төмен тұратын халықтың үлесi туралы - жыл сайын:
     Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
министрлiгi - орташа алғанда республика бойынша;
     облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек және халықты 
әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдары - аймақтар бойынша 
жариялап тұрады.
     
     
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.