Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 және 2000 жылғы 7 ақпандағы N 183 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 сәуір N 531

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 P000108_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң тәртiбiне:
      25-тармақтың бiрiншi абзацы "Пайдалы қазбаларды" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң пайдалы қазбаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) "Құзыреттi органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалар мен көмiрсутегi шикiзаты бойынша жер қойнауы учаскелерiнiң (блоктарының) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 183 P000183_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Құзыреттi органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын қатты пайдалы қазбалар мен көмiрсутегi шикізаты бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауы учаскелерiнiң (блоктарының) тiзбесiнде:
      "Қатты пайдалы қазбаларды өндiру" тарауы мынадай мазмұндағы реттiк

нөмiрi 6-1, 6-2 - жолдармен толықтырылсын:
     "6-1 Старое қалдық сақтауы орны алтын Шығыс Қазақстан
      6-2 Чашинское қалдық сақтауы орны алтын Шығыс Қазақстан".
     2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі осы 
қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.