Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 сәуір N 508

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 P961137_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 40, 367-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесінде:
      1) мәтіндегі "Департамент", "Департаменттің" деген сөздер "Комитет", "Комитеттің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.";
      3) 15, 23-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 29-тармақтағы "Қаржы министрлігіне" деген сөздер "Үкіметіне" деген

сөзбен ауыстырылсын;
     5) 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "34. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен 
республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.