Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.02.2014 № 43 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Астана қаласында "Ақ Орда" опера және балет театрын ашу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қаңтардағы N 114 P000114_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 3, 41-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
екінші абзацтағы "мемлекеттік мекеме" деген сөздер "қазыналық мемлекеттік мекеме" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі