1. "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттің жүз проценттік қатысуымен жабық акционерлік қоғамға қайта құру жолымен (бұдан әрі - Қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдар белгілеген тәртіппен:
1) "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы мүлікті Қоғамның жарғылық капиталына берсін;
2) Қоғамның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) <*>
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де іс-шараларды қабылдасын.
ЕСКЕРТУ. 3)-жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.05.04.
N 604 қаулысымен. P010604_
3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі комитеті" деген тарау мен реттік нөмірі 467-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Қасымбеков Б.А.