1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының аумағына, ұқсас немесе тiкелей бәсекелесетiн тауарлар импорты кезiнде отандық өндiрушiлерге келтiрiлген шығын немесе келтiрiлуi мүмкiн шығын мөлшерiн анықтау үшiн, қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты анықтауды бастасын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгімен бiрлесiп бiр ай мерзімде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн және Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің Атқарушы комитетiн қорғау шараларын қолдану мүмкiндiгi мақсатында қосымшада көрсетiлген тауарларға қатысты анықтауды бастайтын шешiм туралы хабарласын.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi анықтау рәсiмi аяқталғанға дейiн заңдарда белгiленген тәртiпте қосымшада көрсетiлген тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын. 4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 наурыздағы N 399 қаулысына қосымша Анықтау рәсiмін жүргiзуге негiз болған тауарлардың ТIЗБЕСI -------------------------------------------------------------------------- Тауар атауы ! СЭҚ ТН коды --------------------------------------------------------------------------- Ет және жас, мұздатылған 020711 немесе тоңазытылған Gallus 020712 domesticus [үйтауығы] 020713 түрiндегi үй құсынан жасалған, 020714 ұқсатылған тағамдық азық-түлiк Шұжықтар және еттен, 160100 ұқсатылған ет-тағамдық азық- түлiктен немесе қаннан жасалған соған ұқсас өнiмдер; олардың негiзiнде әзiрленген дайын азықтық тағамдар Еттен, ұқсатылған ет-тағамдық 160250 азық-түлiктен немесе қаннан жасалған басқа дайын немесе консервiленген өнiмдер Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.