1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 P990156_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде: 20-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) жобаның экономикалық орындылығы және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша - Экономика министрлігімен;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.