1. Қоса берiліп отырған:
1) 1-қосымшаға сәйкес Заңды тұлғалардың қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың ережесi (бұдан әрi - Ереже);
2) 2-қосымшаға сәйкес қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметке арналған лицензиялардың нысаны бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен: <*>
1) 2000 жылдың 1 қазанына дейiн Лицензиаттардың қызметiн Ережеде көзделген талаптарға сәйкес келтіру жөнiнде заңды шаралар қабылдасын;
2) Лицензиардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен, Қаржы полициясы агенттігімен және аумақтық салық органдарымен өзара іс-қимыл тәртібін бекітсін. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен. P010372_
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі "заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату" қызметі түрі бойынша электронды мониторингін жүргізуді, мониторинг бойынша ақпаратты ай сайын Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Қаржы полициясы агенттігіне бере және ұйымдар беретін есептемелерге олардың қол жеткізуін мүмкін ете отырып, қамтамасыз етсін. <*>
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен. P010372_ 4. 3-қосымшаға сәйкес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілетiн кейбiр Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының және Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткеннен кейін күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына 1-қосымша Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегі қызметін лицензиялаудың ережесi 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z952200_ (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегі қызметiне лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату саласындағы қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгі (бұдан әрi - Лицензиар) жүзеге асырады. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен. P010372_
2. Негізгі ұғымдар
3. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау) - заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жеке және/немесе заңды тұлғалардан сатып алу (жинау) жөнiндегі қызметi.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен. P010372_
4. Түстi және қара металдардың сынықтарын қайта өңдеу - металл сынықтарын тиiстi стандарттардың талаптарына сәйкес металлургиялық өндiрiстердегi металл шихталар ретiнде жарамды жағдайға дейiн дайындау.
5. Түстi және қара металл сынықтарын сақтау - сынықтар мен қалдықтарды жауапты сақтау жөнiндегi арнайы алаңдарды, қоймаларды ұйымдастыру және пайдалану.
6. Металлургиялық қайта жасау - түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеудің металлургиялық пештерде қайта құюды қамтитын түрлерi.
7. Қайталама түстi металдар (қорытпалар) - түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын құйымдар, құймалар және құйындылар түрінде қайта өңдеу өнімі.
8. Түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункті - негізгі өндірістік базаның (бас ұйымның, филиалдың (өкілдіктің)) аумағында орналасқан ретте жеке және/немесе заңды тұлғалардан және одан тысқары орналасқан ретте тек жеке тұлғалардан түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын сатып алуға арналып, осы ережеге сәйкес ұйымдастырылған және жабдықталған өндіріс алаңы. <*>
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен. P010372_
3. Лицензия берудің тәртібі мен шарттары
9. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметке лицензия бiлiктiлiк деңгейi белгiленген талаптарға сәйкес келетiн заңды тұлғаға (бұдан әрi - Лицензиат) берiледi.
10. Лицензияның "лицензияның ерекше шарттары" бағанында лицензия берiлген қызметтің (металлургиялық қайта жасауды қамтитын және қамтымайтын) түрi (түрлерi) көрсетіледi.
11. Лицензия оның филиалдары мен өкiлдiктерiн қоса алғанда Лицензиаттың орналасқан жерi көрсетiле отырып, бiр данада ресiмделедi.
Негізгі өндірістік база заңды тұлғаның аумақтық тіркелген жері бойынша орналасуға тиіс. <*>
Қабылдау пункттері тек Лицензиаттың негізгі өндірістік базасы (бас ұйымы, филиалы (өкілдігі)) орналасқан облыста немесе Астана және Алматы қалаларында ғана ашылуы мүмкін. Қабылдау пункттерінің орналасқан жері лицензияға қосымшада көрсетіліп, ол Лицензиардың мөрімен куәландырылады. <*>
Ескерту. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен. P010372_
12. Лицензия қатаң есептегі құжат болып табылады және Лицензиатта сақталады.
13. Лицензиат Лицензия алу үшiн Лицензиарға Заңның 16-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
14. Лицензияны алуға арналған өтiнiш оны беру кезiнде, барлық қажеттi құжаттар болған жағдайда Лицензиардың мiндеттi тiркеуiне жатады. Лицензия беру туралы өтiнiште өтiнiш берушiнiң орналасқан жерi, сондай-ақ оның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң заңды мекен-жайы көрсетiлуi тиiс.
15. Өтiнiш берушi Лицензия алу үшiн Лицензиарға ұсынылатын құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыстығы мен толықтығы үшiн жауаптылықта болады.
16. Өтiнiш берушi өзiнiң қызметiн жүзеге асыруды ұйғарған облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Өтiнiш берушiге лицензия беру туралы өтiнiшпен Лицензиарға өтiнiм жасауға құқылы.
17. Өтiнiш берушi ұсынған құжаттардағы мәлiметтердi тексеру қажет болған жағдайда Лицензия беру туралы шешiм тексеру жүргiзiлгеннен кейiн, бiрақ Лицензиар өтiнiштi тiркеген күннен бастап 30 күннен кешiктiрiлмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - 10 күннен кешiктiрiлмей қабылданады.
18. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен шұғылдану құқығына арналған алымның мөлшерi, оны төлеудің тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленедi.
19. Заңды тұлғаны қайта тiркеген, мекен-жайы, банктiк және басқа да деректемелерi өзгерген кезде, сондай-ақ заңды тұлғаның атауы өзгерген кезде Лицензиат ол туралы Лицензиарға 15 күннiң iшiнде хабарлауға мiндеттi.
20. Лицензиат қызметтің осы түрімен айналысатын филиалдар (өкілдіктер) ашқан жағдайда Лицензиат филиалдардың (өкілдіктердің) осы Ереженің 21, 22-тармақтарымен айқындалған біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тапсырады. Лицензиардың оң шешімі қабылданған соң филиалдар (өкілдіктер) олардың орналасқан жерлері көрсетіле отырып, Лицензияға енгізіледі. <*>
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен. P010372_
20-1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғаларға (қолданылған рельстердi, темiр жол төсеніштерi мен жылжымалы құрамның элементтерiн қоспағанда) түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сатуға осы қалдықтарды кейiн металлургиялық өндiрiсi бар Қазақстан Республикасының кәсiпорындарына тапсыруға лицензия беру оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады. <*>
20-2. Шағын кәсіпкерлiк субъектiсi оңайлатылған тәртіппен лицензия алу үшiн өтiнiш берушi Лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгiленген нысандағы өтiнiш;
2) өтiнiш берушiнiң шағын кәсіпкерлік субъектiсiне жататындығы туралы мәлiмет (жарғының, мемлекеттiк тiркелгендiгi туралы куәлiктiң, статистикалық картаның, салық төлеушiнің тiркелген нөмiрiнiң көшірмелерi);
3) бiлiктi қызметшiлер мен өндiрiстiк базаның (тиеу техникасы, автокөлiк) бар-жоғы туралы қысқаша мәлiмет;
4) Лицензиар бекiткен үлгiлiк нұсқаулықтың негiзiнде әзiрленген түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi нұсқаулық;
5) лицензиялық алымды төлегендігiн растайтын құжат. <*>
Ескерту. 20-1, 20-2-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.08.03. N 1184 қаулысымен. P001184_
4. Біліктілік талаптары
21. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау) сақтау, қайта өңдеу (металлургиялық қайта жасауды қамтымайтын) жөнiндегі қызметке Лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаның:
1) осы талаптарға сәйкес жабдықталған мамандандырылған өндірістік аумағы, меншік құқығында жабдығы (таразы шаруашылығы, көтергіш және көліктік машиналар мен тетіктер), ғимараты, құрылысы болуы тиіс. Жер телімі жалдау құқығында пайдаланылуы мүмкін. Аумақ қоршалған және күзетілетін болуы тиіс; <*>
2) автокөлік үшін кірме жолдармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ қара металдар сынықтарымен жұмыс кезінде - кірме темір жолдармен қамтамасыз етілген аумағы;
жұмыс істейтін қызметкерлерді орналастыруға арналған санитарлық және өрт нормалары талаптарына жауап беретін қызметтік үй-жайы;
Қазақстан Республикасының Мемкентехқадағалау қызметтерінің немесе Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің тиісті рұқсаты бар көтергіш тетіктері, тиегіштері немесе кран шаруашылығы (автомобильдік, арқалық, жүретін крандар); <*>
3) таразы шаруашылығы (тұғырды, автомобильдік немесе темір жол таразылары); <*>
4) Мемстандарттың және металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату мәселелерiне қатысты нұсқаулықтардың талаптарын орындауды қамтамасыз ететiн бiлiктi қызметкерлерi;
5) түстi металдар мен қорытпалардың сынықтары мен қалдықтарын топтары, түрлерi, маркалары және сорттары бойынша бөлек сақтау үшiн контейнерлерi немесе алаңдары;
6) түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын сақтау үшiн жабық үй-жайлар не жабындылар;
7) металл сынықтары мен қалдықтарын сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдықтары мен аспаптары бар арнайы алаңы немесе өндiрiстiк үй-жайы;
8) өрт қауiпсiздiгiнiң мiндеттi талаптарына жауап беретiн (МЕМСТ 12.1004-76) және өрт сөндiру құралдарымен жарақталған өндiрiстiк объектiлерi;
9) өрт сөндiру құралдарымен жарақталған түстi металдардың жарамсыз қаупi бар сынықтарына арналған қоймасы;
10) радиацияны өлшеуге арналған аспаптары;
11) Лицензиат бекiткен Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жөнiндегi нұсқаулығы болуы тиiс.
12) электронды мониторинг желісіне қосуға және оны бас ұйым үшін жүргізуге арналған компьютер техникасы және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілген болуы тиіс. <*>
Ескерту. 21-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2001.03.20. N 372 қаулысымен. P010372_
22. Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу (металлургиялық қайта жасауды қамтитын) жөніндегі қызметке Лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаларда:
1) меншiк құқығындағы металлургиялық қайта жасауды қамтамасыз ететiн мамандандырылған өндiрiстiк ғимараты, құрылысты, жабдықтарды қамтитын өндiрiстік-техникалық базасы;
2) Мемстандарттың талаптарына сәйкес келетiн өнiмдердi дайындауды қамтамасыз ететiн технологиялық регламентi, техникалық жағдайлары;
3) келiсiлген және белгiленген тәртiппен бекiтiлген қайталама металдарды ұқсату жөнiндегi цехтың жұмыс жобасы, балқыту пешiне арналған техникалық құжаттамалары, мемстандарттың тексеру актiсi;
4) еңбектің қауiпсiздiгi мен шығарылатын өнiмнің сапасын бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтерi, бөлiмшелерi немесе жауапты адамдары;
5) шығарылатын өнiмнiң сапасын бақылау жөнiндегi өлшеу аспаптары;
6) балқымалар журналын, бұйымдарды таңбалау жүйесiн, өнiмдердің тиелетiн (автомобиль, контейнер, вагон) партияларына орау парақтарын ресiмдеу тәртiбiн қамтитын дайын өнiмдi, оны тиеудi, сатуды құжаттауға мүмкiндiк беретiн есепке алу жүйесi. Шығарылған өнiмнiң сапасын (сапа сертификаты, сапа төлқұжаты, орау жапсырмасы), тауарлық таңбасын растайтын құжаттары болуы тиiс.
5. Лицензиаттың міндеті
23. Лицензиат Лицензиарға жыл сайын есептiден кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрмей жыл қорытындысы бойынша Лицензиар бекiткен нысан бойынша есеп бередi.
Лицензиат тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, Лицензиар және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі (бұдан әрі - ҚР МКМ) бекіткен нысандар бойынша, электронды мониторинг жүргізу үшін ҚР МКМ-ге есеп береді. <*>
Ескерту. 23-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен. P010372_
24. Лицензиат сынықтар мен қалдықтардың қозғалысын тiркейтiн құжаттар мен есептердi 5 жыл бойы сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
25. Лицензиаттың осы Ережеге қосымшаға сәйкес, тәртiпке сәйкес жеке адамдардан қара және түстi металдардың сынықтарын қабылдауды жүзеге асыруға құқығы бар.
Лицензиат түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын экспортқа тиеуді тек Лицензияда көрсетілген негізгі өндірістік базаның немесе филиалдардың (өкілдіктердің) аумағынан ғана жүзеге асыруға міндетті. Қайталама түсті қорытпаларды ерекше жағдайларда: "металлургиялық бөліністі қоса алғанда" деген жазуы бар Лицензия негізінде тең жүзеге асырылсын. <*>
Ескерту. 25-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен. P010372_
6. Лицензияның қолданылуын қайтарып алу және
тоқтата тұру
26. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, қайтып алу, жарамсыз деп тану, сондай-ақ беруден бас тарту Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
27. Лицензияны тоқтата тұрудың себептерi Лицензиар мен басқа да құзiреттi мемлекеттiк органдар жасаған тексеру актiсiнде жазылуы тиiс.
28. Лицензиат Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 5 күннің iшiнде түстi және қара металлдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды) тоқтатуға, сынықтар мен қалдықтардың қалғанын түгендеу актiсiн жасауға мiндеттi. Түгендеу актiсi
Лицензиарға ұсынылуы немесе почтамен жiберiлуi тиiс. 29. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерінің жойылғанын Лицензиар мен басқа да құзіретті мемлекеттік органдардың қатысуымен комиссия растауы тиіс. 30. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерінің жойылғаны туралы Лицензиардың жазбаша хабарлауынан кейін Лицензияның қолданылуы жаңартылады. Жазбаша хабарламаға тексеру актісі қоса беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына 2-қосымша Ескерту. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372 қаулысымен. P010372_ Елтаңба N 0000000 Лицензия ----------------------------------------------------берілді (Заңды тұлғаның толық атауы, оның заңды мекен-жайы) Кәсіпкерлік қызмет түрі ----------------------------------- ----------------------------------------------------------- ("Лицензиялау туралы" Заңға сәйкес) Лицензияның ерекше шарттары ------------------------------- Лицензияны берген орган ----------------------------------- Басшы (уәкілетті тұлға) ----------------------------------- ----------------------------------------------------------- (басшының (уәкілетті тұлғаның) тегі мен аты-жөні) Лицензияның берілген күні ------ж. "---"--------- Лицензияның тіркелген нөмірі ------------------------------ ----ж."---"-------- Қызметтiң лицензияланатын түрi мына мекен-жайда жүзеге асырылады: Лицензиялық талаптар Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункттерiн ашқан кезде Лицензиат бұл туралы Лицензиарды қабылдау пунктiнiң заңды мекен-жайын хабарлай және лицензияға қосымша ала отырып, алдын ала құлақтандыруға мiндеттi. <*> Қабылдау пунктiнiң: - қолма-қол ақшамен жұмыс iстеу үшiн ыңғайластырылған үй-жайы (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальды зердесi бар бақылау-кассалық аппараты) болуы; - тексеруден өткiзген таразылармен жабдықталуы; - қабылдау пунктiнiң Лицензиатқа тиесiлi екендiгiн растайтын құжаттары (лицензияның нотариалдық расталған көшiрмесi) болуы; - қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiгi, лицензияның нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайшасы болуы; - адамдар тұратын тұрғын үйлердiң аумағына орналаспауы және кемiнде 200 шаршы метр, бірақ 500 шаршы метрден көп емес алаңы болуы тиiс. <*> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр күшi жойылған шешiмдерi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн қаулыларының тiзбесi
1. "Заңды тұлғалардың қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялау тәртiбiн бекiту туралы" ҚР Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 P980969_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 313-құжат;).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 969 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 ақпандағы N 98 P990098_ қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 969 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi N 924 P990924_ қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 969 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 1500 P991500_ қаулысы.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдеріне өзгерiстер
мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат;) аталған қаулыға 4-қосымшада: "Өңделмеген қайталама 760120910, 760120990, алюминий қорытпалар: 7603-7616 (тек қайталама кесек түрiнде, қорытпалар) басқалар және олардан жасалған бұйымдар деген жолдар алынып тасталсын;"
2) "Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметін бақылауды күшейту жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23 P000023_ қаулысында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша: 7601 20 910, 7601 20 990, 7606 11 990, 7606 12 500, 7606 12 990, 7606 91 000, 7606 92 000, 7616 99 100 түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ қолданыста болған рельстердi, темiр жол төсеніші мен жылжымалы құрамның элементтерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан контрабандалық әкетудiң жолын кесу мақсатында тек қана темiр жол көлiгімен экспортқа рұқсат етiлсiн. Түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ қолданыста болған
рельстердi темiр жол төсенiшi мен жылжымалы құрамның элементтерiн транзиттік өткiзу кезiнде кеден декларацияларында әкелiнген жүктің нақты салмағы белгіленсiн және әкету кезiнде iлеспе құжаттардың жүктiң нақты мөлшерiне сәйкестігін бақылау күшейтiлсiн."; 4-тармақ алынып тасталсын. Ережеге қосымша Лицензиаттың жеке адамдардан түсті және қара металдардың сынықтарын қабылдау тәртібі 1. Лицензиат жеке адамдардың тек тұрмыстық мақсаттағы немесе осы жеке адамға меншік құқығында тиесілі түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын ғана қабылдай алады. Жеке адамдардан сынықтарды сатып алу Сатып алу актiсiмен құжаттамалық ресiмделедi. Актiнiң нысанын Лицензиар бекiтедi. <*> Сатып алу актiсi мынадай ақпаратты: - актiнi ресiмдеу орны мен күнiн; - сынықты тапсырушының Тегiн, атын, мекен-жайын; - жеке басын куәландыратын құжатты; - салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн; - сынығының көлемi мен Лицензиар барлық Лицензиаттар үшiн бекiткен үлгілік номенклатураға сәйкес оның сипаттамасы; - сынықты тапсырушының сөзiнен сынық тегiнiң сипаттамасын; - Сатып алу актiсiн ресiмдеген жауапты адамды; - Сынықтары мен қалдықтарын өлшеудi, сынығының сипаттамасын жүргізген жауапты адамды қамтуы тиiс.
Сатып алу актiсi, бiреуi сынық тапсырушыға берiлетiн, екiншiсi Лицензиаттың бухгалтериясында сақталатын, үшіншiсi қабылдау пунктiнде сақталатын үш данада жасалады.
Сатып алу актiсi жеке адамдардан дайындалған сынықтардың есебiн жүргізу журналында тiркеледi.
Есеп жүргізу журналы нөмiрленген, тiгiлген және Лицензиаттың мөрiмен бекiтiлген болуы тиiс.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен. P010372_
2. Лицензиат жеке адамдардан сынықтарды сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес тиiстi салықтарды ұстап қалуға міндетті.
3. Жеке адамдардың электротехникалық, өнеркәсіптік, әскери және зымырандық-ғарыштық тектегі сынықтардан, байланысты желілері кабельдерінен, сондай-ақ қолдануда болған рельстерден, темір жол төсеніштері және жылжымалы құрам бөліктерінен басқа түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын өткізуге құқығы бары. <*>
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372
қаулысымен. P010372_ 4. Түсті (электротехникалық тектi), қара (рельстер, темiр жол төсенiштерi мен жылжымалы құрамның қолданыстан шыққан элементтерi) металдардың сынықтарын тапсыруды, тiзбесiн тиiсті министрлiктердiң, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің ұсынуы бойынша Лицензиар бекiтетiн, қызметi мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. <*> Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372 қаулысымен. P010372_ 5. <*> Ескерту. 5-тармақ алып тасталды- ҚР Үкіметінің 2001.03.20. N 372 қаулысымен. P010372_ Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Қасымбеков Б.А.