Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 13 наурыз N 379

Қолданыстағы
      "Кейбiр ұйымдарды Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінің қарамағына беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 24 қазандағы N 1596 P991596_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) 
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекітiлген Республикалық мемлекеттiк 
кәсiпорындардың тiзбесiнде:
     реттiк нөмiрi 467а, 468, 470-2, 470-7, 470-46, 470-48, 470-49, 470-50,
470-51, 470-89, 470-90, 470-95 - жолдар алынып тасталсын;
     "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" бөлiмi мынадай 
мазмұндағы реттiк нөмiрi 105-3, 105-4, 105-5, 105-6, 105-7, 105-8, 105-9, 
105-10, 105-11, 105-12, 105-13 және 105-14-жолдармен толықтырылсын:
     "105-3 "Лазерлiк технология жөнiндегi              Алматы қаласы
            Алматы инженерлiк орталығы"
            республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
            (шаруашылық жүргiзу құқығында)
      105-4 "Алматы биокомбинаты" республикалық         Алматы қаласы
            мемлекеттiк кәсiпорны
            (шаруашылық жүргізу құқығында)
      105-5 "Қазақстан Республикасының минералды        Алматы қаласы
            шикізаты кешенді қайта өңдеу жөніндегі
            ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк
            кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)
      105-6 "Қазақстан Республикасының ұлттық           Курчатов қаласы
            ядролық орталығы" республикалық
            мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу
            құқығында)
      105-7 "Машина жасауды болжау жөніндегі            Қарағанды қаласы
            ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық
            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
      105-8 "Қазақстан Республикасының                  Ақмола облысы,
            Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы"    Степногор қаласы
            республикалық мемлекеттiк қазыналық
            кәсiпорны
      105-9 "Фармацевтикалық биотехнология институты"   Ақмола облысы,
            республикалық мемлекеттiк қазыналық         Степногор қаласы
            кәсiпорны
     105-10 "Өсiмдiктердiң физиологиясы, генетикасы     Алматы қаласы
            және биоинженериясы институты"
            республикалық мемлекеттiк қазыналық
            кәсiпорны
     105-11 "Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу            Жамбыл облысы,
            институты" республикалық мемлекеттік        Гвардейский
            қазыналық кәсiпорны                         кенті
     105-12 "Орталық дәрiлiк қосындыларды               Алматы қаласы 
            биологиялық зерттеу лабораториясы"
            республикалық мемлекеттік қазыналық
            кәсiпорны 
     105-13 "Машина жасау" салааралық ғылыми-           Алматы қаласы
            технологиялық орталық" республикалық
            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
     105-14 "Тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы           Алматы қаласы
            жобалау-конструкторлық және
            технологиялық бюро"
            республикалық мемлекеттiк
            қазыналық кәсiпорны
     
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.