Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңын Z952200_ орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 7-жолдағы 3-баған "мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялық жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзбесiнде:
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген II бөлiм мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
"19. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары";
"Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген III бөлiм мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары";
2) күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1311 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі