Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегі N 464 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 29 ақпан N 315

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жоғары оқу орындарының студенттiк контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 24 сәуiрдегi N 464 P990464_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 14, 143-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк білім тапсырысының негiзiнде жоғары оқу орындарының студенттiк контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы";
      кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк білiм тапсырысының негiзiнде жоғары оқу орындарының студенттiк контингентiн қалыптастыру процесiн реттеу оларға түсетiн адамдарға қойылатын талаптардың бiркелкілігiн және халықтың барлық жiктерi үшiн жоғары кәсiби білімге қол жетiмдiліктiң бiрдей мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:";
      мәтiндегi "Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi", "Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Бiлiм және ғылым министрлiгi", "Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 1) тармақшасында:
      бiрiншi абзацындағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын, "арқылы" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк бiлiм тапсырысының негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi абзацындағы "жоғары оқу орнын" деген сөздердiң алдынан

меншiк нысандарына қарамастан және мемлекеттiк аттестациядан өткен" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     2) көрсетiлген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа 
редакцияда жазылсын:
     3) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
     6 және 10-тармақтардағы "Ғылым және жоғары білім министрлігі", "Ғылым 
және жоғары білім министрлігінің" деген сөздер "Білім және ғылым 
министрлігі", "Білім және ғылым министрлігінің" деген сөздермен 
ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                                   Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы N 315 қаулысына қосымша

                                                   "Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464 қаулысына 1-қосымша


            Жоғары оқу орындарына студенттер қабылдаудың жаңа моделіне

            көшуді ұйымдастыру жөніндегі республикалық комиссияның
                                    құрамы
     
     Көшербаев Қырымбек      - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
     Елеуұлы                   министрі, төраға
     
     Ахметов Әшімжан         - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
     Сүлейменұлы               вице-министрі, төрағаның орынбасары
     
     Әбжаппаров Әбдімтәліп   - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
     Әбжаппарұлы               министрлігі Жоғары білім департаментінің    
                               директоры, хатшы
     
                                  Комиссия мүшелері:
     
     Амантаева Майра         - "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
     Тұрғанқызы                қызметкерлерінің кәсіподағы" қоғамдық       
                               бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)
     
     Арын Ерлан              - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
     Мұхтарұлы                 бірінші вице-министрі
     Бектұрғанов Нұралы      - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
     Сұлтанұлы                 және қоғамдық келісім вице-министрі 
     
     Жәмішев Болат           - Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші 
     Бидахметұлы               вице-министрі
     
     Жұрынов Мұрат           - Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-   
     Жұрынұлы                  Түрік университетінің ректоры (келісім      
                               бойынша)
     
     Нұрбеков Қосбасар       - Қазақстан Республикасының Ұлттық  
     Болатбекұлы               қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші
                               орынбасары (келісім бойынша)       
     
     Назарбаева Дариға       - "Хабар" телекомпаниясының президенті
     Нұрсұлтанқызы             (келісім бойынша) 
     
     Нәрібаев Көпжасар       - Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық 
     Нәрібайұлы                университетінің ректоры (келісім бойынша) 
     
     Садықов Тоқмұхамед      - Абай атындағы Алматы мемлекеттік 
     Сәлменұлы                 университетінің ректоры (келісім бойынша)
     
     Сәрсеков Бексұлтан      - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
     Сәрсекұлы                 вице-министрі". 
  
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.