"Қазтелерадио" телехабарларды, радио хабарларын тарату және радио байланысы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "АРТБС" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын "Қазтелерадио" ашық акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 ақпан N 298

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 P990683_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазтелерадио" телехабарларды, радио хабарларын тарату және радио байланысы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "АРТБС" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен "Қазтелерадио" ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Қазтелерадио" ААҚ) қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазтелерадио" ААҚ-ның Жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2)
      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.19. N 751
               қаулысымен. P000751_
      Ескерту. 2)-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.11.17. N 1474
               қаулысымен. P011474_
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне:
      1) "Қазтелерадио" ААҚ-ның құжаттарына қол қоюға және мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуға уәкілетті адамдардың кандидатуралары;
      2) "Қазтелерадио" ААҚ Директорлар кеңесінің құрамы бойынша ұсыныс табыс етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі "Қазтелерадио" ААҚ-мен және "ҚТК - Қазақстан Тарату Корпорациясы" ашық акционерлік қоғамымен бірлесіп бір ай мерзімде

 

Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың

бағдарламасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге

ұсынсын.



     Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.19. N 751          

              қаулысымен. 


P000751_



     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.