1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты 2000 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мерзiммен уақытша қорғаныштық шаралар енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi тауарлардың импорты кезiнде қосымшаға сәйкес депозитке қазiргi қолданылып жүрген кедендiк баждың ставкасынан жоғары алынатын уақытша қорғаныштық баж енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Демпингке қарсы бақылау жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасы Интеграциялық комитетiне және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы,
Тәжiкстан Республикасының және Өзбекстан Республикасы Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесiнiң Атқарушы комитетiне Қазақстан Республикасының уақытша қорғаныштық шаралар енгізетіндiгi туралы хабарласын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 296 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетiн, уақытша қорғаныштық шаралар енгізiлетiн тауарлардың тiзбесi --------------------------------------------------------------------------- Тауардың атауы Тауардың СЭҚ ТН Уақытша бойынша коды қорғаныштық шаралар бажының ставкалары (кедендiк құнына %-пен) --------------------------------------------------------------------------- Табиғи барий сульфаты 2511 10 000 20 Оралған жабдық және 680710100 30 қаптағыш материалдар Гофрирлендiрiлген 681 1 10 000 25 табақшалар (шифер) Диаметрi 244,5 мм. 82 07 19 900-дан 30 бұрынғы шапқыларының, диаметрi 105 мм., 125 мм., 130 мм. бұрғы ұштарының бөлiктерiн қоса алғанда тас жыныстары мен қабаттарын бұрғылау құралдары салмағы 21 кг. аспай. 8424 10 910-дан 30 тын көмiрқышқылды өрт сөндiргiштер, өрт сөндiргiш зат - көмiр. тегiнiң қос тотығы* Сұйықтарды 9028 20 000 25 өлшегіштер Ауыспалы тоққа 9028 30 110 30 арналған бір фазалы электр энергиясын өлшегіштер Ауыспалы тоққа 9028 30 190-дан 20 арналған көп фазалы электр энергиясын өлшегіштер, дәлдік сыныбы 02-05* есептегіштерден басқа * Тауарлардың номенклатурасы тауардың кодымен де, атауымен де белгіленеді. Техникалық өлшемдері мен белгіленген жағдайлар кезіндегі жұмысқа арналуы мынадай тиісті жазулармен расталуы тиіс: машиналар мен жабдықтар үшін - бұйымның төлқұжатында немесе зауыттық сынақ сертификатында Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.