Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1509 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 ақпан N 294

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі жекелеген шаралар 
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі 
N 1509  

P991509_

  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Ауыспалы тоққа арналған бір фазалы электр
     энергиясын есептегіштер                                  9028 30 110".
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.