"Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 22 ақпан N 275

Қолданыстағы
      Астана қаласының мәдениет объектілерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Музей) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Музейдің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) 2000 жылы экспозицияларды көркем ресімдеу және музей кешенін экспонаттармен, кітап қорымен, жабдықпен, музыкалық аспаптармен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері үш ай мерзімде уәкілетті органның ұсыныстары бойынша Музейдің экспозициялары мен қорларын бірегей музейлік заттармен, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен, бағалы кітаптармен және қолжазбалармен қалыптастыруда қажетті көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      4. Музейді қаржыландыру республикалық бюджетте 41 "Республикалық деңгейде тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      5. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 500 P990500_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат) мынадай толықтыру

енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің қарауындағы 
ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
     "24-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейі".
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
      Оқығандар:
     Орынбекова Д.
     Қобдалиева Н.