Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 16 ақпан N 253

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырманы iске асыру, жерге құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы;
      2) Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң

2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар 
бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жыл сайын 
республикалық бюджеттi қалыптастырғанда Қазақстан Республикасында Жерге 
құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын 
iске асыру жөнiндегi шараларға қажеттi қаражат қарастырсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 
жариялануға жатады.
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                                   Қазақстан Республикасы
                                                         Үкіметінің
                                                   2000 жылғы 16 ақпандағы
                                                   N 253 қаулысымен
                                                         бекітілген
     
                 Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды
               қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған
               
                                БАҒДАРЛАМАСЫ
     
                                 Кiрiспе
     


      Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз ету бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды iске асыру мақсатында әзiрлендi.
      Бағдарламада жер заңдарын жалгерлiк қатынастары мен кепiлдiк операцияларын, мемлекеттiк жер кадастры институтын кеңейту бөлiгiнде жетiлдiру, ауыл шаруашылығы ұйымдарында шартты жер үлестерiн заттық дербестендiрудi аяқтау, сондай-ақ селолық елдi мекендердiң аумақтарында жер-шаруашылықтық орналастыру, жер рыногын дамыту жөнiндегi шараларды жүзеге асыру көзделген.

                  1. Жерге құқықтарды заңдық қамтамасыз ету

      Мемлекеттiк тәуелсiздiк алғаннан кейiн және нарықтық экономикаға көшу курсы жарияланғаннан бастап жер қатынастарын нарық жағдайларына қайта құру шаруашылық жүргізудiң барлық нысандарының тең құқықты дамуы үшiн құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасау, азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқықтарын қорғау, жер рыногын дамыту қажеттiлiгi туды.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығы U952717_ жер заңдарының негiзгi принциптерiн, жеке меншiктiң шарттары мен шектерiн және өзге де жерге заттық құқықтарды айқындап бердi.
      Осы Жарлықты дамыту үшiн жер қатынастарын реттейтiн 40-тан астам нормативтiк құқықтық актiлер қабылданды.
      Осының нәтижесiнде республикада жер құқықтық қатынастарының субъектiлерi мен жер пайдаланушылардың құрылымы принциптi түрде өзгердi.
      Мемлекеттiк заңды тұлғалардың пайдалануындағы жерлердiң үлесi айтарлықтай қысқарды, сөйтiп жер рыногының одан әрi дамуы үшiн алғы шарттар жасалды.
      Жерге құқықтарды қамтамасыз етуге, жалгерлiк қатынастар мен кепiлдiк операциялары институтын кеңейтуге, жерге құқықтардың тiркелуiн қамтамасыз етуге бағытталған жер заңдарын одан әрi жетiлдiру үшiн "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу көзделiп отыр.

                   2. Жердiң нақты меншiк иелерiн және жердi
                          пайдаланушыларды қалыптастыру

      Жер қатынастарын реттеу саласындағы таяу жылдардағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары:
      ауыл шаруашылығы ұйымдарында шарттық жер үлестерiн нақты дербестендiрудi аяқтау;
      кейiн заң органдарында жерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн жерге тиiстi құжаттарды бере отырып, азаматтар мен заңды тұлғаларға берiлген (берiлетiн) жер учаскелерiнiң шекараларын техникалық ресiмдеудi қамтамасыз ету;
      жердi пайдаланудың және оларға салық салудың тәртiбi мен режимi әртүрлi аймақтарды белгілеу мақсатында, бiрiншi кезекте, қалаларда жерлердi аймақтарға бөлудiң аймақтық сызбаларын әзiрлеу;
      өнiмi төмен, перспективасы жоқ жерлердi өңдеуден шығару процесiнiң шарттарын қатайту және экономикалық әдiстерiн ынталандыру үшiн егістiк жерлерге түгендеу жүргiзу болып табылады.
      Азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқықтарын қамтамасыз ету олардың мынадай топтарға бiрiккен құқықтық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
      Бiрiншi топ: жер учаскелерi жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық шаруашылық, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысын жүргiзу үшiн берiлген (берiлетiн) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi.
      Қазiргi уақытта олардың саны 3 082,5 мыңды немесе елдегi барлық жер учаскелерi меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылардың 95 процентін құрайды. Жерге құжаттармен қамтамасыз етiлгендері 2 700,7 мың меншiк иелерi немесе 88 процент. Осы топтың меншiк иелерi одан әрi негiзiнен жеке тұрғын үй құрылысы есебiнен болжамдалып отыр және олардың саны 2003 жылдың аяғына қарай 3,2 миллионға дейiн жетедi.
      Бұдан әрi азаматтардың жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық шаруашылық және жеке құрылыс жүргiзу үшiн жер учаскелерiне сұранысын толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      Осы мақсаттар үшiн ауылдық елдi мекендердiң аумақтарын жер шаруашылықтық орналастыруды жүргізу, жердi ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру басқа да табиғатты қорғау шараларының кешенiнде жер ресурстарын қорғау жөнiндегі аумақтық бағдарламаларды әзiрлеу, қала маңындағы аумақтардың жерлерiн аймақтарға бөлудi жүзеге асыру көзделiп отыр.
      Екiншi топ: шаруа (фермер) қожалықтары.
      Жалпы саны - 91 мың. Жерге құжаттармен қамтамасыз етiлгенi 81,2 мың шаруашылық немесе 89,2 процент.
      Аталған топтың жердi пайдаланушыларын қалыптастыру негiзiнен жер үлестерiнiң, арнайы жер қорының есебiнен және жердi пайдалану құқығымен жасалатын мәмiлелердiң есебiнен жүредi. Олардың саны 2003 жылға қарай 125 мыңға дейiн өседi деп болжанып отыр.
      Ауыл шаруашылығы ұйымдарында шартты жер үлестерiн нақты дербестендiрудi аяқтау және пайдаланылмайтын жерлердiң есебiнен арнайы жер қорын одан әрi қалыптастыруды жалғастыру көзделедi.
      Yшiншi топ: мемлекеттiк емес ауыл шаруашылығы ұйымдары.
      Олардың жалпы саны - 6,2 мың, оның iшiнде тұрақты жердi пайдаланушылар - 4,2 мың, жерге құжаттармен - 3,9 мыңы немесе 94 процентi қамтамасыз етiлген.
      Бұл топтың жердi пайдаланушыларын қалыптастыру:
      жер үлестерiн құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталдарға, өз жер үлесiмен шығу құқығынсыз енгiзе отырып шаруашылық серiктестіктерiне кiру есебiнен;
      өз жер учаскесiмен шығу құқығымен шаруашылық субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарына жер үлестерiн енгiзбестен жүзеге асырылады.
      Төртiншi топ: Кондоминиум субъектiлерi.
      Жерге құжаттар 14,1 мың кондоминиум объектiлерi бойынша ғана ресiмделдi және берiлдi.
      Кондоминиумге қатысушыларға жер беру мәселелерiн "Жер туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңында реттеу жоспарланған.
      Кондоминиумның үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) берiлген жер учаскелерiнiң шекараларын одан әрi айқындау пәтер иелерi кооперативтерiнiң қатысуымен, iс жүзiнде қалыптасқан құрылыстарды және қала жобасы мен өзге де құжаттаманың елдi мекендi аумақтық дамытуға қоятын талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылатын болады. Кондоминиумге әрбiр қатысушының жалпы меншiктегi немесе жалпы жер пайдаланудағы үлесi оны заттық түрде бөлместен айқындалады.
      Жоспарланған жұмыстарды 2003 жылға дейiн аяқтау мақсатында кондоминиумдердiң қазiргi бар объектiлерi үшiн жер учаскелерiн бөлу жөнiндегi iс-шаралардың жоспары әзiрленетiн болады.
      Бесiншi топ: Мемлекеттiк емес заңды тұлғалар, құрылыс салу үшiн берiлген немесе өндiрiстiк және өндiрiстiк емес ғимараттар, құрылыс-жайлар салынған жер учаскелерi.
      Мемлекет иелiгінен алудың алғашқы кезеңiнде мемлекеттiк меншiк объектiлерi жерге құқықтар ресiмделместен жекешелендiрiлдi, сондықтан жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу кезiнде қазiргi бар объектiлердiң алып жатқан алаңын нақтылау, сондай-ақ жер учаскелерiн мемлекеттен сатып алуды (жалдауды) ресiмдеу жүргiзiледi.
      Меншiктік құқығында ғимараттар, құрылыс-жайлары (аяқталмаған құрылысты қоса алғанда) және басқа жылжымайтын мүлiктер бар, бiрақ 2001 жылға дейiн жерге тиiстi құжаттарын белгiленген тәртiппен ресiмдемеген тұлғалар үшiн жерге құқықты алу шарттарын заңдық ретте қатайту көзделедi. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн беру мәселелерiн реттейтiн қолданылып жүрген заң актiлерiне түзетулер енгiзу көзделiп отыр.
      Жерлердi ұтымды және тиiмдi пайдалану, инвестициялар тарту, бюджетке қосымша қаражат түсуiн ынталандыру, жер учаскелерiн берген кезде жариялылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнiндегi нық кепiлдiктердi қамтамасыз ету үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жер учаскелерiн меншiкке немесе пайдалануға сату жөнiндегi жер аукциондары мен конкурстары ұйымдастырылатын болады.
      Алтыншы топ: Шетелдiк жер пайдаланушылар.
      Шетелдiк жер пайдаланушыларға жердi пайдалану құқығын беру жер учаскесiн жалға беру шарты негiзiнде (инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңдарға сәйкес берiлетiн мемлекеттік заттық гранттар түрiндегi жер учаскелерiн берудi қоспағанда) жүзеге асырылады.
      <*>
      Жерге құқықтарды тiркеу жалпы тәртiппен жүзеге асырылады.
      2 және 3-топтардағы жердi пайдаланушылар үшiн:
      жерге орналастыру жөнiндегі жобаларды қажеттi мөлшерде әзiрлей отырып, шартты жер үлестерiн дербестендiру 2000 жылдың соңына дейiн аяқталмақ, онда жер үлестерiн бөлу есебiнен берiлетiн учаскелер жер учаскелерiн иеленушiлер жиналысының шешiмiн ескере отырып айқындалатын болады, ал олардың арасында осы учаскелердi орналасқан жерiн айқындау тәсiлiнде келiсiм болмағанда, жер үлестерi иелерiнiң жер учаскелерiн орналастыру сот шешiмi бойынша айқындалады;
      ипотекалық несиелердi және ауыл шаруашылығы жерлерiнiң рыногын дамытуды қамтамасыз етуде жер учаскелерi мен жердi пайдалану құқықтарын кепiлге беру үшiн жердi бағалау көзделiп отыр.
      Жер үлестерi негiзiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң пайдаланатын жерлерiн қалыптастыру процесiн жеделдету үшiн жер үлестерi иелерiнiң ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдалануға арналған жер үлестерiне сәйкес жер учаскесiн таңдап алуы немесе осындай бiрлiктердiң үлесiне өзiнiң құқығын қайта ресiмдей отырып, шаруашылық жүргiзу объектiлерiне кiруi үшiн мерзiмдердi заңды түрде белгiлеу көзделiп отыр. Бұл шартты жер үлестерiне билiк ету бойынша қолданылып жүрген құқықтарды түсiндiру жөнiндегi науқанмен бiрге жүргiзiледi.
      Шаруа (фермер) қожалықтарын жүргiзу үшiн берiлген жер учаскелерiнiң шекараларын техникалық ресiмдеу процесiн, оларға кейiн әдiлет органдарында жерге құқықты тiркеу үшiн жерге құқықты белгiлейтiн құжаттарды бере отырып, аяқтау көзделген.
      Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесiн қорғау үшiн:
      егiстік жерлерiне түгендеу жүргiзу бұл перспективасы жоқ өнiмi аз жерлердi өңдеуден шығарудың шарттарын қатайтуға, сондай-ақ бұл процестi экономикалық тәсiлдермен ынталандыруға мүмкiндiк бередi;
      ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн бұрын берiлiп, пайдаланылмай жатқан жерлердiң және оларды шаруашылық субъектiлерiнiң арасында кейiн қайта бөлу үшiн белгiленген тәртiппен қайтып алудың проблемалары бойынша облыс әкiмдерiмен бiрлесiп жұмыс iстеудi көздейтiн мақсатты бағдарлама әзiрлеу;
      жерлердi аймақтарға бөлу бұл жер ресурстарын басқару жөнiндегi мемлекеттiк саясатты толық түрде жүргiзуге және жердiң меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылар үшiн жердi пайдаланудың рұқсат етiлген түрлерiн нақтылауға мүмкiндiк бередi;
      азаматтардың жерге конституциялық құқығы және олардың өз жер учаскесiне немесе жер пайдалану құқығына қатысты заң актiлерiмен тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасауы жөнiндегi кепiлдiктердi қамтамасыз ету үшiн, жер кепiлдiгi саласындағы заңдарды iске асыру тетiгiн пысықтау, сондай-ақ кейбiр жер санаттарына жеке меншiктi енгiзудiң мүмкiндiктерiн зерделеу жоспарланып отыр. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-абзац алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.11.02. N 1657
               қаулысымен. P001657_
      ЕСКЕРТУ. 2-абзац алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.06.29. N 895
               қаулысымен. P000895_

              3. Жер кадастрын жетiлдiру, құрылымдық жаңғыртулар
                        және кадрлық қамтамасыз ету

      Жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу енгiзiлгеннен бастап жер-кадастрлық жұмыстарының көлемi елеулi дәрежеде өстi.
      Жерге құқықтарды бекiту жөнiндегi мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiк жер кадастрын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзiлмек, ол "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргізудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысына сәйкес мемлекеттiк кадастрлар жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады, сондай-ақ жерге құқықтарды тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алуды қамтамасыз ету үшiн қызмет iстейдi.
      Жер кадастры құрамында тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу тәртiбiнiң негізгi ережелерi жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң пилоттық жобасын инвестициялап отырған Дүниежүзiлiк банктың ұсыныстарын ескере отырып әзiрлендi және бұл тәртiп жер учаскелерiн бiрдейлендiру олардың шекараларын айқындау жөнiндегi бiрыңғай техникалық мәселелердi шешуге арналған.
      Солай дей тұра көрсетiлген жұмыстарды жедел орындау көптеген облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда белгiлi бiр дәрежеде жерге орналастыру қызметiнiң болмауынан тежелiп отыр. Поселкелер мен ауылдық (селолық) округтерде мұндай бейiндегi мамандар жоқ.
      Осы мақсаттарды iске асыру үшiн республиканың жерге орналастыру жұмысын былайша қүрылымдық жаңғырту көзделiп отыр:
      облыстық маңызы бар қалаларда қазiргi бар еңбекақы қоры есебiнен жер ресурстарын басқару органдарын құру белгiленген;
      Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгінiң Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығының қазiргi бар еншiлес кәсiпорындарының базасында аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қосымша мамандандырылған өндiрiстер-кадастрлық филиалдар (орталықтар) құрылатын болады.
      Кадастрлық филиалдардың негiзгi функциялары:
      жер учаскелерiнiң жергiлiктi жерлердегі шекараларын белгiлеу;
      азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне құқықтарын куәландыратын тиiстi құжаттарды дайындау жоспарлы-картографиялық материалдарды, кадастрлық карталарды (схемаларды) жасау және жаңалау;
      жер кадастрының автоматтандырылған жүйесiн ұйымдастыру, жер ресурстары туралы деректердiң банкiн құру және жүргiзу, жер учаскелерi туралы деректердi iздеу, өңдеу және жер кадастры ақпаратын пайдаланушылардың сұрау салуына жауапты ресiмдеу болып табылады.
      Бұл шаралар жер ресурстарын басқару жөнiндегi аудандық комитеттердi оларға тән емес техникалық жұмыстардан босатуға, оларды басқару және бақылау функцияларын орындауға жұмылдыруға, жұмыста жеделдiктi қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
      Мыналар:
      жерге орналастыру жұмыстарының жекелеген түрлерiн бәсекелестiк ортаға беру. Бұл мақсатқа жету үшiн оларды лицензиялау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізудің және жерге орналастыру процесiне қатысушылардың арасындағы өзара байланыс жұмыстарын ұйымдастырудың заңдық, институциалдық және басқа сипаттағы ережелерiн белгiлейтiн қажеттi құжаттардың пакетiн дайындау көзделген;
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк жүйесiнiң кадрларды қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шараларын жүзеге асыру;
      Дүниежүзiлiк банктiң несиелерiн тартумен жүзеге асырылып жатқан Алматы және Ақмола облыстары мен Алматы және Астана қалаларындағы жылжымайтын мүлiктi және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жүйесiн енгiзу жөнiндегi пилоттық жобаның негiзiнде жер учаскелерi туралы ақпаратты неғұрлым жедел алу мақсатында жер кадастры жүйесiн автоматтандыру;

     жер кадастрының құқықтық және басқа кадастрлармен тиiстi өзара 
байланысын қамтамасыз ету, сондай-ақ сандық технологиялардың негiзiнде осы 
заманғы кадастрлық карталарды жасау жоспарланған.
     Картографиялық өнiмге сұранысты қамтамасыз ету үшiн 2003 жылға дейiн 
шетелдiк инвестицияларды тарту есебiнен картографиялық фабрика салуды 
жүзеге асыру көзделген.
     
     
                   4. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету
     
     Бағдарламада белгiленген iс-шаралар белгiлi бiр қаржылық қаражатты 
талап етедi.
     Шартты жер үлестерiн заттық дербестендiру жер учаскелерiн тiркеу 
мақсаты үшiн есепке алу жер кадастрының бiрыңғай автоматтандырылған 
ақпараттық жүйесiн құру тиiстi бюджеттiк бағдарламалар бойынша 
қаржыландырылатын болады.
     Бағдарламаның басқа iс-шараларын орындауды жер учаскелерiнiң мүдделi 
меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылардың қаражаты, гранттар мен 
инвестициялар тарту есебiнен жүзеге асыру белгiленген.
     
     
     
                                     * * *
     
     Бағдарлама азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен 
мүдделерiн қорғауға және республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау 
саласындағы, мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн 
кепiлдiктердi күшейтуге бағытталған.
     
                                                  Қазақстан Республикасы
                                                        Үкіметінің
                                                  2000 жылғы 16 ақпандағы
                                                     N 253 қаулысымен
                                                        бекітілген
     
                Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды
              қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған
                   бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі
            
                               ІС-ШАРАЛАР
     
---------------------------------------------------------------------------
N  !  Іс-шараның атауы           !Аяқтау нысаны! Орындау ішін ! Орындау  
р/н!                             !             !  жауаптылар  ! мерзімі   
---------------------------------------------------------------------------
 1 !          2                  !     3       !       4      !     5
---------------------------------------------------------------------------
   !1.Жерге құқықтарды бекі.    !             !               !
   !туді құқықтық қамтамасыз    !             !               !
   !ету                         !             !               !  
   !                            !             !               !
1.1! "Жер туралы" Қазақстан     !Заңның жобасы!Жер ресурстарын! 2000 жыл
   !Республикасы Заңының жобасын!             !басқару жөнін. ! 
   !әзірлеу                     !             !дегі агенттік, !
   !                            !             !  Әділетмині   !
1.2!"Қазақстан Республикасы     !             !               !
   !Үкіметінің қаулыларына      !             !               !
   !өзгерістер мен толықты.     !             !               !
   !рулар енгізу туралы"        !             !               !
   !Қазақстан Республикасы      !             !               !
   !Үкіметінің мынадай қау.     !             !               !
   !лыларының жобаларын         !             !               !
   !әзірлеу:                    !             !               !
   !"Мемлекеттің жеке меншікке  !Үкімет қаулы.!Жер ресурстарын!2001 жылдың 
   !сататын немесе жер пайдала. !сының жобасы !басқару жөнін. ! 2-тоқсаны
   !нуға беретін жерлері үшін   !             !дегі агенттік, !
   !төлем ставкаларын бекіту ту.!             ! Әділетмині,   !
   !ралы" 1996 жылғы 8 мамырдағы!             ! Қаржымині     !
   !N 576                       !             !               !
   !"Мемлекеттің жеке меншікке  !Үкімет қаулы.!Жер ресурстарын!2001 жылдың 
   !сататын немесе жер пайдала. !сының жобасы !басқару жөнін. ! 2-тоқсаны
   !нуға беретін жер учаскелері.!             !дегі агенттік, !
   !нің бағалық құнын белгілеу  !             ! Әділетмині,   !
   !тәртібін бекіту туралы" 1996!             ! Қаржымині     !
   !жылғы 1 қазандағы N 1203    !             !               !   
   !                            !             !               !  
1.3 
<*>
 (Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.06.29. N 895 қаулысымен.       
          

P000895_

 )     
   !2. Жердің нақты меншік      !             !               !
   !иелері мен жерді пайдалану. !  Үкіметке   !Жер ресурстарын!2000 жылдың
   !шыларды қалыптастыру        !  баяндама   !басқару жөнін. !   аяғына
2.1!Шартты жер үлестерін заттық !             !дегі агенттік, !    дейін
   !дербестендіруді аяқтау      !             !  Ауылшармині  !
     
2.2!Жер учаскелерін мынадай құ. !             !               !

<*>
!жаттармен қамтамасыз ету:   !             !               !
   !құқықты растайтын құжаттарды!Жер учаскесі.!Жер ресурстарын!    Ұдайы
   !ресімдеу және беру          !не меншік құ.!басқару жөнін. !
   !                            !қығын, жерді !дегі агенттік  !
   !                            !пайдалану құ.!және аумақтық  !
   !                            !қығын беретін!органдар       !
   !                            !акт          !               !
2.3!Ауылдық елді мекендердің ау.!Үкіметке жыл !Жер ресурстарын! 2001-2003 
   !мағын жер-шаруашылық жағынан!сайынғы ақпа.!басқару жөнін. !  жылдары  
   !орналастыру                 !рат          !дегі агенттік, !
   !                            !             !ауылдық округ. !
   !                            !             !тердің әкімдері!
2.4!Жерлерді аймақтарға бөлудің !  Үкіметке   !Жер ресурстарын! 2000-2001 
   !аймақтық схемаларын әзірлеу !  ақпарат    !басқару жөнін. !  жылдары
   !және бекіту                 !             !дегі агенттік, !
   !                            !             !қалалар мен ау.!
   !                            !             !дандардың әкім.!
   !                            !             !дері           !    
2.5!Жерді ұтымды пайдалану, то. !  Үкіметке   !Ауылшармині,Жер!2000 жылдың
   !пырақтың құнарлығын арттыру,!  ақпарат    !ресурстарын    ! 4-тоқсаны
   !жер ресурстарын қорғау жө.  !             !басқару жөнін. !
   !нінде аймақтық бағдарламалар!             !дегі агенттік, !
   !әзірлеу                     !             !облыс әкімдері !
2.6!Қазіргі бар кондоминиумдер  !Кондоминиум  !Жер ресурстарын!Тапсырыстар
   !объектілері үшін жер учаске.!объектілеріне!басқару жөнін. !  бойынша
   !лерін бөлу жөніндегі іс-ша. !жер учаскеле.!дегі агенттік  ! 
   !ралардың жоспарын әзірлеу   !рін бөлудің  !               !
   !                            !іс-шаралар   !               !
   !                            !жоспары      !               !
       
2.7!Егістік жерлерге түгендеу   !  Үкіметке   !Жер ресурстарын! 2000-2001 
   !жүргізу                     !   ақпарат   !басқару жөнін. !  жылдары
   !                            !             !дегі агенттік  !
2.8!Ауыл шаруашылығы мақсаттары !  Үкіметке   !Жер ресурстарын!2001 жылдың
   !үшін бұрын беріліп, пайдала.!  ақпарат    !басқару жөнін. ! 2-тоқсаны
   !нылмай жатқан жерлердің про.!             !дегі агенттік, !
   !блемалары бойынша мақсатты  !             !облыстардың,ау.!
   !бағдарлама әзірлеу          !             !дандардың әкім.!
   !                            !             !дері           !
         Жер рыногы
2.9!Мемлекет меншігіндегі жер   !Жер аукцион. !Жер ресурстарын!   Ұдайы
   !учаскелерін сату жөніндегі  !дары,конкурс.!басқару жөнін. !
   !жер аукциондары мен конкурс.!тары         !дегі агенттік, !
   !тарын ұйымдастыру және өткі.!             !жергілікті ат. !
   !зу                          !             !қарушы органдар!     
     
     Жер кадастрын жетілдіру
     
2.10!Жер және құқық кадастры    !Ведомствоара.!Әділетмині,Жер !2000 жылдың
    !арасындағы өзара қатынасты,!лық шарт     !ресурстарын ба.! 4-тоқсаны
    !жер-кадастр бөлігін жылжы. !             !сқару жөніндегі!
    !майтын мүлікке құқықты тір.!             !агенттік       !
    !кеу жобасына ұштастыруды   !             !               !
    !қамтамасыз ету             !             !               !
2.11!Тіркеу мақсаты үшін жер    !  Үкіметке   !Жер ресурстарын!   Ұдайы
    !учаскелерін есепке алуды   !  баяндама   !басқару жөнін. !
    !қамтамасыз ету (Жер-кадаст.!             !дегі агенттік  !
    !ры ісі, кітабы және картасы!             !               !
2.12!Жер учаскелерін есепке алу.! Деректердің !Жер ресурстарын!
    !да:                        !электрондық  !басқару жөнін. ! 2001 жылы
    !-пилоттық облыстарда       !базасы       !дегі агенттік  ! 2001-2003 
    !-қалған басқа облыстарда   !             !               !  жылдары
    !ақпаратты жинау және сақта.!             !               !
    !удың қағаздық негізінен    !             !               !
    !электрондық жүйесіне көшуді!             !               !
    !қамтамасыз ету             !             !               !
2.13!Тіркеу жүйесін қолдау үшін !Жер кадастры.!Жер ресурстарын!   Ұдайы
    !қажетті ақпаратты қамтитын !ның автомат. !басқару жөнін. !
    !жер кадастрының автоматтан.!тандырылған  !дегі агенттік, !
    !дырылған ақпараттық жүйесін!ақпараттық   !  Әділетмині   !
    !құру және жүргізу          !жүйесі       !               !
2.14!Жер кадастрын топография.  !Карталар,жос.!               !   Ұдайы
    !лық-геодезиялық және карто.!парлар (схе. !     -//-      !
    !графиялық,оның ішінде сан. !малар)       !               !
    !дық қамтамасыз ету         !             !               !
     Құрылымдық қайта жаңғырту
      және кадрлық қамтамасыз            
               ету
     
2.15!Аудандарда өндірістік бөл. ! Кадастрлық  !Жер ресурстарын! 2000-2001
    !імшелер ұйымдастыру        ! орталықтар  !басқару жөнін. !  жылдары
    !                           !             !дегі агенттік  !
2.16!Облыстық маңызы бар қала.  !Облыс орта.  !Жер ресурстарын!  2000 жылы
    !ларда жер ресурстарын бас. !лықтары мен  !басқару жөнін. !
    !қару жөніндегі органдар    !қалалардағы  !дегі агенттік  !
    !құру                       !жер ресурста.!               !
    !                           !рын басқару  !               !
    !                           !жөніндегі ор.!               !
    !                           !гандар       !               !
2.17!Облыстық,аудандық (қалалық)!Астана және  !Жер ресурстарын!2000 жылдың
    !комитеттердің және кадастр.!Алматы қала. !басқару жөнін. ! 4-тоқсаны
    !лық орталықтардың маманда. !ларындағы    !дегі агенттік  !
    !рын жер учаскелерін тіркеу !оқыту жөнін. !               !
    !мақсаты үшін есепке алуға  !дегі орталық.!               !
    !қажетті дағдыларға оқыту   !тар          !               !
    !жөніндегі орталықтар құру  !             !               !
2.18!Облыстық және аудандық қыз.! Мамандарды  !Жер ресурстарын! 2000-2003
    !меттердің мамандарын қайта !қайта даярлау!басқару жөнін. !  жылдары
    !даярлауды ұйымдастыру      !оқыту        !дегі агенттік  !
2.19!Жер рыногын дамыту үшін    ! Ақпараттар, !Жер ресурстарын!   Ұдайы
    !қолда бар ақпараттық-марке.!бюллетеньдер !басқару жөнін. !
    !тинг жүйесін пайдалану     !             !дегі агенттік  !
2.20!Ғылыми-әдістемелік қамтама.! Ұсынымдар   !Жер ресурстарын!   Ұдайы    
    !сыз етуді жетілдіру,іргелі !             !басқару жөнін. !
    !және қолданбалы зерттеулер.!             !дегі агенттік  !
    !ді дамыту                  !             !               !
2.21!Кадрлардың облыстық,аудан. !  Кадрларды  !Жер ресурстарын!2000 жылдың
    !дық (қалалық) буындарын    !оқыту және   !басқару жөнін. ! 3-тоқсаны
    !оқыту мен қайта даярлаудың !қайта даярлау!дегі агенттік  !
    !бағдарламаларын әзірлеу    !бағдарламала.!               !
    !                           !ры           !               !
---------------------------------------------------------------------------
     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.02. N 1657
              қаулысымен.  

P001657_

                      
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.