"Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 15 ақпан N 243

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Мекеме) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражаттың есебінен Мекемені қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Мекеменің жарғысын бекітсін; 
      2) Мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" бөліміндегі реттік нөмірі 109-6-жол алынып тасталсын; 
      2) <*>
       Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы  N 214 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі