Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 304 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 ақпан N 234. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.01.20. N 87 қаулысымен. ~P010087

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 304 P990304_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
      9-тармақтың үшінші абзацындағы "мемлекеттік" деген сөз "республикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      1) тармақшадағы "тапсырысшылар жүргізетін" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшадағы "әзірлеу" деген сөзден кейін "және өз құзыретінің шегінде оларды қабылдау" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражаты есебінен сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңдарын қолдану мәселелері бойынша сол заемдар туралы келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу;";
      8) тармақшадағы "шығару" деген сөз "шығаруды ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдарын қолданудың тәжірибесін талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;";
      12-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттік органдар мен мекемелерден жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы, оның ішінде мемлекеттік сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған сатып алу туралы есептерді, ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;";

     мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "3-1) мемлекеттік сатып алудың рәсімдері бұзылған жағдайда 
конкурстардың нәтижелерін қайта қарауға немесе қайтадан конкурстар 
өткізуге бастама жасауға;";
     19-тармақта:
     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "3) заңдарда белгіленген тәртіппен:
     Агенттіктің қызметкерлерін көтермелеу жөнінде және оларға материалдық 
көмек көрсету жөнінде шешім қабылдайды;
     Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;";
     4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "4) бұйрықтар шығарады;".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
 
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.