Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Селекциялық жетістіктерді сынау және қорғау" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 11 ақпан N 204

Қолданыстағы

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Z990422_ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Селекциялық жетістіктерді сынау және қорғау" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - Мекеме) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен:
      2000 жылға арналған республикалық бюджетте ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен және шектерінде Мекемені қаржыландыруды;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат саны лимитінің шегінде Мекеменің штат санын айқындауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
      1) Мекеменің Жарғысын бекітсін;
      2) Мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесінде, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

министрлігі" бөліміндегі реттік нөмірі 44-3-жол алынып тасталсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                   Қазақстан Республикасы

                                                   Үкіметінің

                                                   2000 жылғы 11 ақпандағы

                                                   N 204 қаулысына

                                                           қосымша


           Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне

               ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің

                                    ТІЗБЕСІ


     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Алматы қаласы

     сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Көкшетау қаласы

     сынау жөніндегі Ақмола облыстық

     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Ақтөбе қаласы

     сынау жөніндегі Ақтөбе облыстық

     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Алматы қаласы

     сынау жөніндегі Алматы облыстық

     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Өскемен қаласы

     сынау жөніндегі Шығыс Қазақстан

     облыстық инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Тараз қаласы

     сынау жөніндегі Жамбыл облыстық

     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Орал қаласы

     сынау жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық

     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Қостанай қаласы

     сынау жөніндегі Қостанай облыстық

     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Павлодар қаласы

     сынау жөніндегі Павлодар облыстық

     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Петропавл қаласы

     сынау жөніндегі Солтүстік Қазақстан

     облыстық инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Шымкент қаласы

     сынау жөніндегі Оңтүстік Қазақстан

     облыстық инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Қарағанды қаласы

     сынау жөніндегі Қарағанды облыстық

     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Қызылорда қаласы

     сынау жөніндегі Қызылорда облыстық

     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Астана қаласы

     сынау жөніндегі Тың аймақтық

     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Талдықорған

     сынау жөніндегі Оңтүстік-Шығыс аймақтық            қаласы

     инспектурасы

     Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын               Семей қаласы

     сынау жөніндегі Жетісу облыстық          

     инспектурасы



      Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Қасымбеков Б.А.