Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2017 № 560 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда бірінші
вице-министрі Әбітаев Есберген Әбітайұлы енгізілсін;
Сәуле Мүсінқызы Жолдыбаева аталған құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Омарбекова А.Т.