Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 8 ақпан N 187

Қолданыстағы
      "Беларусь Республикасының Президентi Л.Г.Лукашенконың Қазақстан Республикасына 1999 жылғы 3-4 қарашадағы ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды және өзге де мемлекетаралық келісімдерді, жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 73 P000073_ қаулысын орындау үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мен оларды ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: <*>
      1. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттік экспорттық ресурстарынан 3-сыныпты азық-түліктік бидайдың астығын (ГОСТ 9353-90) мынадай шарттар бойынша айырбас жасасын немесе мемлекеттік экспорттық астық ресурстарын сатудан түскен қаражат есебінен сатып алсын:
      1) 18 898 (он сегіз мың сегіз жүз тоқсан сегіз) тоннаға дейінгі көлемінде азық-түліктік бидайдың астығын бір тонна үшін 90 (тоқсан) АҚШ долларынан кем емес бағамен "Белресурсы" концернімен келісім-шарт бойынша бір бірлігі үшін 8 590 (сегіз мың бес жүз тоқсан) АҚШ доллары бағасымен 198 (бір жүз тоқсан сегіз) МТЗ-82УК доңғалақты тракторын жалпы сомасы 1 700 820 (бір миллион жеті жүз мың сегіз жүз жиырма) АҚШ долларына Қазақстан Республикасының шекарасы (Тобыл станциясы) - DAF шартында;
      2) 12 312 (он екі мың үш жүз он екі) тоннадан жоғары емес көлемдегі азық-түліктік бидайды бір тоннасына 100 (жүз) АҚШ долларынан кем емес бағамен жалпы сомасы 1 231 200 (бір миллион екі жүз отыз бір мың екі жүз) АҚШ долларынан жоғары емес 152-ге (бір жүз елу екі) дейін МТЗ-82УК доңғалақты тракторларын ("Минск трактор зауыты" өндірістік бірлестігінің ТУ РБ 05786206.399-96 сәйкес жинақталынған) еркін рыноктан, бір бірлігі үшін 8 100 (сегіз мың бір жүз) АҚШ долларынан жоғары емес бағамен Қазақстан Республикасының шекарасы (Тобыл станциясы) - DAF шартында;
      3) 17 954 (он жеті мың тоғыз жүз елу төрт) тоннаға дейінгі көлемдегі азық-түліктік астық "Украагромашинвест" лизинг компаниясы" ашық акционерлік қоғамымен келісім-шарт бойынша, оларды "ҚазақУкрАгромаш" БК акционерлік қоғамының құрастыратыны ескеріле отырып, бір тоннасы үшін 100 (жүз) АҚШ долларынан кем емес бағамен, 200-ге (екі жүз) дейін ЖВП-9,1 дестелегіштеріне 8 977 (сегіз мың тоғыз жүз жетпіс жеті) АҚШ доллары бағасымен айырбас жасасын. Айырбас дестелегіштерді Қостанай, Көкшетау, Петропавл қалаларына - DAF жеткізу шартында жүргізіледі;
      4) 3 750 (үш мың жеті жүз елу) тонна көлеміндегі азық-түліктік астық бір тоннасына 100 (жүз) АҚШ долларынан кем емес бағамен 50-ге (елу) дейін ЖВП-10 дестелегіштерін бір бірлігі үшін 7 500 (жеті мың бес жүз) АҚШ доллары бағасымен, "Қызылордакүрішмаш" ашық акционерлік қоғамымен келісім-шарт бойынша. <*>
      ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді, 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
               2000.06.23. N 929 қаулысымен. P000929_
      2. Айырбастау, қабылдау, техниканы Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тасымалдау ақшалай нысанда сақталып жатқан мемлекеттiк резерв астығының бөлiгi ретiнде 9 110 784 (тоғыз миллион бiр жүз он мың жетi жүз сексен төрт) АҚШ доллары сомасындағы қаражаттың есебiнен сатып алынған 1999 жылғы егiннiң астығы есебiне жатқызылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.23. N 929
               қаулысымен. P000929_
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.06.23. N 929
               қаулысымен. P000929_
      4. Бухгалтерлiк баланста тиiстi көрсетуiмен, жеткiзiлетiн тракторларды - "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамы алушы болып айқындалсын. <*>
      "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы:
      тракторлар мен дестелегіштердің отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 7 жыл мерзімге лизингке берілуін;
      техника лизингке орналастырылмаған жағдайда ҚҚС және 1 (бір) пайыз комиссиялық сыйақыны өз пайдасына қосып есептеп тракторлар мен дестелегіштердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылуын;
      техника сатылмаған және лизингке орналастырылмаған жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге осы техникамен қызметтер көрсетілуін қамтамасыз етсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.23. N 929
               қаулысымен. P000929_
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      "ҚазАгроҚаржы" және "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамдарымен бiрлесiп 1999 жылғы егiннiң астығын сатып алуға бөлiнген ақшалар бойынша көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың несиелiк қарыздарын жеткiзiлген техниканың сомасына кемiту бөлiгiнде қолданылып жүрген несиелiк шарттарды қайта жасасын;
      ҚазАгроҚаржы (жабық акционерлік қоғамына 9 110 784 (тоғыз миллион бір жүз он мың жеті жүз сексен төрт) АҚШ доллары сомасына тракторлар мен дестелегіштер сатып алу үшін сыйақының нөлдік ставкасы бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге несие беруге несиелік келісімді қайта жасасын. <*>
     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.23. N 929
              қаулысымен. P000929_
      6. "1999 жылғы егіннің астығын сатып алудың, оның есебiн жүргiзудiң, сақтаудың және сатудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1303 P991303_ қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
      "5) ақшалай нысанда сақталып жатқан мемлекеттiк резерв астығының бiр бөлiгi ретiндегi 9 110 784 АҚШ доллары сомасындағы қаражаттың есебiнен сатып алынған 1999 жылғы егiннiң астығы "Минск трактор зауыты" өндiрiстiк бiрлестiгiмен 808 доңғалақты трактор мен 192 трактор жинақталымына айырбастау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы аумағы бойынша

тасымалдау мен трактор жинақталымдарынан тракторларды құрастыруға 
жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн пайдаланылсын.".
     7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.
     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. 
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Омарбекова А.Т.