Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 ақпан N 157

Қолданыстағы
      "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Оқулықтарды жалпы білім беретін мектептерге бөлшек сатуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1338 P961338_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                         Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 157 қаулысымен бекітілген


           Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен
      тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі
                       туралы ереже

      1. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы осы ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30 және 36-бабына сәйкес қабылданды. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.11. N 489
               қаулысымен. P010489_
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету, әдетте, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттың шегінде қор жасау циклы бойынша жыл сайын толықтырылып отыратын, олардың кітапханалары арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарын білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері өздерінің оқуы кезінде тегін пайдаланды.
      4. Білім беру ұйымдарының кітапханалары қорының оқулықтарымен бірінші кезекте жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасыларының балалары қамтамасыз етіледі.
      5. Мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының оқулықтарын сақтау, есепке алу, беру, қайтару және есептен шығару тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілейді.
      6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері оқулықтарды бөлшек сауда желісі арқылы өздері сатып алуға құқылы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері кітап шығаратын баспалар мен оқулықтарды таратушыларды жыл сайын республиканың білім беру ұйымдарының оқулықтарға деген сұраныстары жөніндегі қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп отыруға міндетті. <*>
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.11. N 489
               қаулысымен. P010489_
      7. Орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін даналар саны, атаулары, оқыту сыныптары мен тілдері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуге кезекті қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қалыптастырады.
      Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қалыптастыратын мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, республикалық жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларын және шетелдердегі оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.04.11. N 489

              қаулысымен. 

P010489_

 
     7-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері орта білім
беретін мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік тапсырыс бойынша тек қана 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі пайдалануға рұқсат 
еткен оқулықтар саны мен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз 
етеді.
<*>

     Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметініңі 2001.04.11.
              N 489 қаулысымен. 

P010489_

 
     
    Оқығандар:
    Омарбекова А.Т.
    Орынбекова Д.Қ.