Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік
пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі
құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27
мамырдағы N 659
қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру
енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірі 138-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 228-жолмен
толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне
228. "Жібек жолы - Қазақстан ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.