Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 24 қаңтар N 122

Қолданыстағы
      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 P981278_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін

мемлекеттік тіркеудің тәртібіндегі: 
     2-тармақта: 
     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
     "3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін 
жүргізуді;";
     5) тармақшадағы "белгілейді" деген сөз алынып тасталып, мынадай 
мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "5-1) мемлекеттік тіркеудің күшін жою және қалпына келтіру тәртібін 
белгілейді."; 
     3-тармақ: 
     мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: 


      "Осы органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның қолы қойылған (бекіткен) нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган сондай-ақ оған тиісті міндеттемелер жүктелгені туралы құжаттың көшірмесін де ұсынуға тиіс.";
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Іс қағаздары бірыңғай мемлекеттік тілде жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктерде жергілікті басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері тіркеуші органға орыс тіліне аударылмай ұсыныла алады.";
      5-тармақ "анықтама-негіздеменің болмауы" деген сөздерден кейін

"немесе оның осы Тәртіппен белгіленген талаптарға сәйкессіздігі" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
     "Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың 
нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады. 
     Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық 
актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады."; 
     11-тармақта: 
     1) тармақшадағы "құқықтық" деген сөз "заңдық" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
     "4) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 
енгізуді;"; 
     13-тармақта: 
     мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: 
     "1-1) нормативтік құқықтық актіні келісудің болуы: 


      Қазақстан Республикасының заңдарымен нормативтік құқықтық актіні міндетті келісу көзделген жағдайда, сондай-ақ егер онда басқа мемлекеттік органдарға қатысты ережелер, нормалар және тапсырмалар болса, онда нормативтік құқықтық акт осындай органдармен келісуге жатады.
      Келісу тиісті мемлекеттік органдар басшыларының не басшыларының орынбасарларының бұрыштамаларымен ресімделеді.
      Бұрыштама орган басшысы немесе оның орынбасары қызметінің атауын, бұрыштама қоюшының жеке қолын, қол иесінің аты-жөнінің толық жазылуын, күнін және елтаңбалы мөрді қамтиды.
      Келісуге жататын немесе бірнеше мемлекеттік органдар шығарған нормативтік құқықтық акт ведомствоаралық сипатта болады.";
      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-2) нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге ұсынылған жағдайда осы актіні шығарған органның заң қызметінің басшысы (ол болмаған жағдайда - заң кеңесшісі) оған парақ сайын қол қоюды жүргізеді;
      нормативтік құқықтық актіні келісу кезінде келісуді жүзеге асыратын органның заң қызметінің басшысы да алдын ала қол қоюды жүргізеді;
      бірнеше мемлекеттік орган қабылдаған нормативтік құқықтық актілер ұсынылған жағдайда, парақ сайын қол қоюды әр органның заң қызметінің басшысы жүргізеді.";
      мынадай мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Осы Тәртіптің 5-тармағымен көзделген жағдайларда және 13-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда нормативтік құқықтық акт тиісті заң сараптамасы жүргізілместен, осы актіні ұсынған органға пысықтауға жеті күн ішінде қайтарылады.";
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
      Тізілімде тіркеу күні, берілген нөмірі, нормативтік құқықтық актінің және оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның атауы көрсетіледі.
      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.";
      17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тәртіп бірнеше мемлекеттік органдар шығарған нормативтік құқықтық актіні тіркеу жағдайында да қолданылады.";
      19-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің көшірмесі тіркеуші органда қалады.";
      20-тармақтың жетінші абзацы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
      "7-1. Мемлекеттік тіркеудің күшін жою және қалпына келтіру тәртібі

      22. Тіркелген нормативтік құқықтық актіде қолданылып жүрген заңдарға қарама-қайшылықтар бар екені анықталған жағдайда Әділет министрлігі немесе оның аумақтық органдары осы актіні мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы тіркеуші органның бастығы (бастықтың орынбасары) бекіткен қорытынды шығаруға құқылы.
      23. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тиісті жазбалар жүргізіледі, бұл туралы Республикалық құқықтық ақпарат орталығына, аталған нормативтік құқықтық актіні шығарған органға және бұрынырақ осы нормативтік құқықтық акт жарияланған ресми басылымға хабарланады.
      24. Тіркеуші орган нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелуін

қалпына келтіруді жүргізуі мүмкін. 
     Осыған байланысты тіркеуші органның бастығы (бастығының орынбасары) 
бекіткен тиісті қорытынды шығарылады және осы Тәртіптің 23-тармағымен 
көзделген іс-әрекеттер жасалады.". 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
       Премьер-Министрі 
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.