Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қаңтар N 97

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этиль спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 P991258_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн

өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) 
сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) 
бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiнде:
     34-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
     "6) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен 
белгiленген ең төменгi бағадан кем сатпауға;
     7) этил спиртiн сатудың уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiбiн сақтауға;"
     35-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен   
толықтырылсын:
     "9) нормативтiк-техникалық актiлерде көзделген есеп құжаттамасының 
кемiнде екi жыл сақталуын қамтамасыз етуге;
     10) Сериялы шығарылатын этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан 
басқа) жылына кемінде бір рет, ал рецептуралары, технологиялық процесі 
немесе өндірістің режимі өзгерген жағдайда - өнімді сериялық өндіріске 
енгізгенге дейін дәм айыру комиссияларына ұсынуға.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.