Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылғы 8 қарашада Эр-Рияд қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметінің арасындағы
Өзара түсіністік туралы меморандум мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Өзара түсіністік туралы меморандум
ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 6, 63-құжат
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы ынтымақтастық принципін негізге ала отырып және Қазақстанның жаңа ордабасы Астана қаласын дамыту қажеттігін ескере отырып,
Қазақстан Республикасының жаңа ордабасы Астана қаласында Парламент ғимаратын салуға арнап 15 миллион АҚШ долларын бөлу туралы Сауд Арабиясы Королінің шешімін негізге ала отырып,
1999 жылғы шілде айының 21-29 жұлдыздары, хиджра жыл санауы бойынша 1420 жылғы рабиға аль-сани айының 8-16 жұлдыздары аралығында Қазақстанға барып, жобаның орналасқан жерімен танысып, оның керек-жарақтарын біліп, жобамен айналысатын жауапты адамдармен кездесіп қайтқан Сауд Арабиясы Корольдігі қаржы және ұлттық экономика министрлігінің техникалық тобының осы сапарының нәтижелерін ескере отырып,
Жобаны жүзеге асыруға қажетті іс-шараларды ретке келтіру ниетін негізге ала отырып,
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметі төмендегі мәселелер жөнінде өзара келісімге келді:
1. Қазақстан Республикасы басшылығының шешіміне сәйкес, бар ғимараттың инфрақұрылымын пайдалану мақсатымен, жоба ҚР Парламенті ғимаратының солтүстік жағында, Омаров көшесінің Бейбітшілік көшесімен қиылысатын аймағындағы жер бөлігінде жүзеге асырылады.
2. Жоба бөлінген грант шегінде, тапсырыс беруші бөлген бөлігінде жүзеге асырылады. Сауд Арабиясы Корольдігінің қаржы және ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі Министрлік) төмендегідей жұмыстарды атқарады:
- сызу, сипаттау жұмыстарын, алғашқы және ақырғы схемаларды, жобамен байланысты құжаттарды дайындау; Қазақстан жағының жобаның түпнұсқа схемасымен келісімі негізінде және техникалық топтың сапары кезінде Қазақстан жағы берген тапсырмаға сәйкес, Сауд инженерлік-кеңесші бюросы арқылы жобаның жүзеге асырылуына техникалық жағынан басқару жүргізу,
- Ең тиімді шарттар ұсынған компанияны таңдау мақсатымен жобаны Министрлік белгілеген бірқатар мамандандырылған компаниялар арасында тендерге шығару,
- Жобаны жүзеге асыру үшін Министрліктен жұмыстың жүру барысына орай, мердігердің кеңесші бекіткен есебіне сәйкес қаражат бөлу.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметінің жобаны тиісті түрде жүзеге асыруға деген талпынысын ескере отырып:
3.1. Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті жер бөлігін кедергісіз бөліп береді.
3.2. Жобаны жүзеге асыруға қажетті материалдарды лицензиялаудан, кедендік алым-салықтардан, қоймалық және импорт алымдарынан, барлық материалдарды, құрал-жабдықтарды, техниканы, техникалық қызметкерлерді және жобаны жүзеге асыруға қажетті барлық керек-жарақтарды тікелей және қосымша салықтардан босату үшін барлық шараларды қабылдайды. Аталмыш материалдарды кедендік тазартудан мүмкіндігінше тез өткізуге байланысты шаралар қабылдайды. Егер қандай-да бір себептермен ол мүмкін болмаса немесе қандай-да болмасын салықтарды және алымдарды төлеу қажет болса, Қазақстан Республикасы Үкіметі барлық төлемдерді төлеп, материалдарды келісімен кедендік тазартудан өткізеді.
3.3. Жобаны жүзеге асырушы мердігерге барлық жеңілдіктерді береді, оның өзін және де мердігер жобаны жүзеге асыру үшін шарт жасасқан тұлғалар мен компанияларды тапсырыс берушінің елінде қолданылатын мердігер ісімен байланысты, оның қызметкерлері мен жұмысшыларына қатысы бар барлық алым-салықтардан босатады.
3.4. Кеңесші бюрода жұмыс істейтін, жобаларды, схемаларды дайындайтын және жобаны жүзеге асыруды басқаратын адамдарға жәрдем көрсетеді; Бюроға және оның жұмысшыларына жобаға байланысты жұмыстарды атқаруға керекті барлық рұқсаттарды береді.
3.5. Астана қаласының Әкіміне сауд тарапымен байланыс жасап тұруды
тапсырады.
3.6. Объектінің көрінер жеріне тиісті көлемдегі, бір орынға
бекітілген тақтайша орнатуға келісім береді. Онда араб және қазақ
тілдерінде "Бұл жоба Сауд Арабиясы Корольдігі берген грант есебінен жүзеге
асырылуда" деген жазба болуға тиіс.
Бұл Меморандум қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
1999 жылғы 8 қараша, хиджра жыл санауы бойынша 1420 жылғы 30 раджаба
қазақ, араб, орыс және ағылшын тілдеріндегі екі түпнұсқаға қол қойылды,
барлық текстер бірдей күшке ие. Түсініспеушілік пайда болған жағдайда
ағылшын тіліндегі нұсқа негізге алынады.
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігінің
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігінің
Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қаржы және ұлттық экономика
Тұрақты және Өкілетті Елшісі министрінің экономика саласы
бойынша орынбасары
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.