Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметінің "Құлагер" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 380 қаулысымен. ~P010380

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 қаңтар N 75

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметінің "Құлагер" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 380
               қаулысымен. P010380_
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметінің өзін Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган етіп айқындау туралы ұсынысына келісім берілсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 380
               қаулысымен. P010380_
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы:
      1) телекоммуникация, жалпы республикалық және халықаралық байланыс желілерін пайдалану саласында қызметті жүзеге асыру;
      2) байланыс қызмет көрсетулерін ұсыну, автоматты телефон станцияларының кабель желілері мен байланыс жабдықтары бойынша құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ өзге де заңдарда тиым салынбаған міндеттерді жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі белгіленген тәртіппен: <*>
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастырсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 380
               қаулысымен. P010380_
      5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) 
мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік 
кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 
479-2-жолмен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанындағы 
Үкіметтік байланыс агенттігі
     479-2 "Құлагер" республикалық
           мемлекеттік кәсіпорны
           (шаруашылық жүргізу құқығында)      Астана қаласы".
     
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
      Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.