Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 11 қаңтар N 48

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 
туралы ереже бекiтiлсiн.
     2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң мәселелерi" туралы 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207  

P990207_

  
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж, N 8, 59-құжат) 
1-тармағының 1) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     

                                                 Қазақстан Республикасы
                                                      Үкiметiнiң
                                              2000 жылғы 11  қаңтардағы
                                              N 48 қаулысымен бекiтiлген
     
            Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі туралы
                               (Қаржыминi)
                                 Ереже
     
                           1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде - мемлекеттiк қаржыларды басқару мен бақылау саласында салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ мемлекеттiк меншiктi есепке алуды және оның пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитетi, Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, Қаржылық бақылау комитетi, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 87
               қаулысымен. P010087_
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Министрлiктiң, егер заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Министрлiк өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген

тәртiппен бұйрықтар түрiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағында 
мiндеттi күшi болатын актiлер шығарады
     5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының 
Үкiметi бекiтедi.
     6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
     472000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, Министрлiктер үйi.
     7. Министрлiктiң - мемлекеттiк мекеменiң толық атауы - "Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлiгі".
     8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
     9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен 
ғана жүзеге асырылады.
     Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау 
тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым 
салынады.
     Егер Министрлiкке заң актілерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге 
асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер 
республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.

                       2. Негiзгi мiндеттерi
     
     10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:


      1) салық және ақша-несие саясатымен өзара iс-қимылда мемлекеттiк бюджет саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) мемлекеттiк салық саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      3) мемлекеттiк меншiктi пайдаланудың мониторингi жүйесiн жасау және дамыту, мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгін арттыру;
      4) ұтымды үкіметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды жүзеге асыру;
      5) үкiметтiк заемдар мен Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес заемдары бойынша мемлекеттiк кепілдiктер жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингi мен оны басқару;
      7) республикалық және жергілiктi бюджеттердi жоспарлау және олардың

атқарылуы бухгалтерлiк есеп, есептілiк және аудит бойынша әдiстемелiк 
басшылық, бюджеттiк бағдарламалау әдiстерiн және мемлекеттiк шығыстарды 
функционалдық талдаудың әдiстемесiн енгiзу;
     8) республикалық және өз құзыретiнiң шегiнде жергілiктi бюджеттер 
қаражатының ұтымды және мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету
     9) бухгалтерлiк есептi, сондай-ақ республикалық және жергіліктi 
бюджеттердiң атқарылуы туралы есептiлiктi енгізудiң және жүзеге асырудың 
тәртiбiн әзiрлеу;
     10) Қазынашылық жүйесiн ақпараттандырудың бiрыңғай саясатын жүргiзудi 
ұйымдастыру;
     10-1) мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіру және оның 
мониторингі;
<*>

     11) өзiне заңдармен жүктелген өзге де мiндеттер болып табылады.
     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 87     
              қаулысымен.  

P010087_

  

                             3. Функциялары
     
     11. Министрлiк заңдарда белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды 
жүзеге асырады:


      1) мемлекеттiк қаржыны және мемлекеттiк меншiктi басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;
      2) мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды, стратегиялық және индикативтiк жоспарларды әзiрлеуге қатысу;
      3) негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуге қатысу;
      4) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердi болжамдау;
      5) Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiне жыл сайынғы баға берудi және алдағы 10 жылдық кезеңге арналған болжамды жүзеге асыру;
      6) түсетiн түсiмдер мен шығыстар көлемiнiң есептемелерi, үкiметтiк борыш және мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимиттерi бойынша, сондай-ақ жергіліктi атқарушы органдардың қарыз алу лимиттерi бойынша есептемелер;
      7) қарыз алу лимиттерiн, сондай-ақ ерекше маңызды жергіліктi бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстардың ең аз мөлшерiн жергiлiктi атқарушы органдардың назарларына жеткiзу;
      8) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын, сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң болжамдық көрсеткiштерiн әзiрлеу;
      9) мемлекеттiк қаржы, фискальдық саясат және мемлекеттiк меншiк саласында заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдау және қорыту, оны жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, мемлекеттiк қаржыны басқару мемлекеттiк меншiкке иелiк ету, пайдалану және оған билiк ету саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын дайындау;
      10) бюджеттiк, салықтық және кедендiк саясат, бухгалтерлiк есеп пен аудит, қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу саласында заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын дайындау; <*>
      11) өз құзыретiнiң шегiнде қосарланған салық салуды болдырмау туралы

халықаралық салықтық келiсiмдер мәселелерiнде уәкiлеттi органның 
функцияларын жүзеге асыру;
     12) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың салықтық 
сараптамасын жүзеге асыру, сондай-ақ салық қызметi органдарымен бiрлесiп 
келiсiмшарттық талаптардың орындалу барысына тексеру жүргiзу;
     13) халықаралық шарттардың, келiсiмшарттардың және келiсiмдердiң 
жобаларын дайындауға қатысу;
     14) жергілiктi бюджеттердiң шоттарын, мемлекеттiк мекемелердiң 
шоттарын жүргізу және оларға арналған аударылым операцияларын жүзеге асыру;
     15) бекiтiлген республикалық бюджеттiң жылдық көлемi шегiнде 
республикалық бюджеттiң айлық тiзiмдемесiн бекiту;
     16) республикалық бюджеттен шығыстарды қаржыландыруды және 
несиелендiрудi жүзеге асыру;
     17) республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп берулердi, 
сондай-ақ ерекше маңызды бағдарламаларды орындау жөнiндегi есеп берудi 
жасау;
     18) республикалық бюджеттiң атқарылу барысы туралы және үкiметтiк 
борыштың негiзгi сомасын өтеу туралы айлық және тоқсандық ақпарат дайындау;
     19) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк 
мекемелердiң шығыстары сметасының дұрыс жасалуын және бекiтiлуiн, 
сондай-ақ республикалық бюджет қаражатының және мемлекеттiк меншiктегi 
өзге де мүлiктiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
     20) жергiлiктi бюджеттердiң әзiрленуiн және атқарылуын бақылауды 
жүзеге асыру;
     21) Үкiметтiң резервiн жоспарлау, есептеу, қалыптасуын талдау және 
мақсатты пайдаланылуын бақылау;
     22) республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын талдау;
     23) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге арналған бiрыңғай 
бюджеттiк жiктеме мен қаржылық есептiлiктiң бiрыңғай нысанын әзiрлеу және 
бекiту;
     24) Қазынашылық комитетi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң 
шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды басқару;


      25) заңды тұлғалардың тапсырмалары бойынша ұлттық та, шетелдiк те валютадағы ақша аударымдарын жүзеге асыру, төлем құжаттарын бақылау;
      26) бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында, оның iшiнде өз құзыретiнiң шегiнде аудиторлық қызметтi лицензиялау саласында уәкiлеттi органның функцияларын орындау;
      27) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазынашылық комитетiнiң тиiстi шоттары арқылы мемлекеттiк мекемелердiң валюталық операцияларын жүргiзу және олардың есебi, тексеру жүргізу кезiнде заңдардың сақталуына тексерулер ұйымдастыру;
      28) үкiметтiк заемдардың қаржылық шарттарын белгiлеу, жергіліктi атқарушы органдардың заемдарды тартуын келiсу;
      29) мемлекеттің кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттiк емес заемдардың және жергілiктi атқарушы органдар заемдарының шарттарына қаржылық сараптама жүргiзу;
      30) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргізу, үкiметтiк заемдардың шарттарына қол қою, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес заемдары бойынша үкiметтiк кепiлдiктер беру;
      31) олар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер берiлген барлық мемлекеттiк заемдарды, мемлекеттiк кепiлдiктердi және мемлекеттiк емес заемдарды тiркеу;
      32) үкiметтiк заемдарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк заемдардың мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
      33) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергіліктi атқарушы органдардың заемдарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк борышын алудың, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң мониторингiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      34) үкiметтiк борыштың құрылымын оңтайландыру жөнiндегi, мемлекеттiк борышты қайта құрылымдау, мемлекеттiк қарыз алу тәуекелдерiн басқару жөнiндегi iс-шараларды дайындау және жүзеге асыру;
      35) республикалық бюджетте көзделген және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес инвестициялық, мемлекеттiк бағдарламаларды және өзге де iс-шараларды несиелендiру;
      36) үкiметтiк сыртқы заемдар туралы келiсiмдердi бекiту үшiн қажеттi құжаттарды дайындауға қатысу;
      37) түпкi заемшылар мен екiншi деңгейдегi банктердiң үкiметтiк заемдардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiрлесiп қаржыландыру үлестерiн республикалық бюджетке қайтаруы туралы iшкi несиелiк келiсiмдердiң жобаларын дайындау;
      38) мемлекеттiк сатып алу процесін үйлестіру және оның мониторингі; <*>
      39) үкiметтiк заем, мемлекеттiң кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес заем және кейiнгі үкіметтік қарыз алумен байланысты гранттар қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      40) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша конкурстық негiзде үкiметтiк заемға, мемлекеттiң кепiлдiгі бар мемлекеттiк емес заемға және келесi үкiметтiк қарыз алумен байланысты гранттарға қызмет көрсету үшiн екiншi деңгейдегi банктердi, бастапқы диллерлердi, лид-менеджерлердi және мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару жөнiндегi басқа да әрiптестердi iрiктеу;
      41) уәкiлеттi банктер-агенттермен бiрлесiп республикалық бюджеттен

бөлiнген қаражатты өндiрiп алу жөнiнде түпкiлiктi заемшылармен жұмысты 
ұйымдастыру және жүргізу;
     42) еркiн кеден аймағын құру туралы ұсыныстарды дайындауға қатысу;
     43) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгімен 
бiрлесiп кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудiң тәртiбiн айқындау, 
сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн салық салудың 
оңайлатылған режимiн белгiлеу
     44) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функциялар.
     ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 87           
              қаулысымен.  

P010087_

  


                           4. Құқықтары
     
     12. Министрлiктiң негізгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын 
жүзеге асыру үшiн заңдарда белгіленген тәртiппен:


      1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпараттарды сұратуға және алуға;
      2) өз құзыретiнiң шегiнде барлық мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруға;
      3) Қаржы министрлiгінiң қарауындағы комитеттер мен мемлекеттiк ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де актілерiн тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;
      4) акционерлiк қоғамдардағы мемлекеттiң үлесiне және республикалық меншiктегi басқа да мүлiкке иелiк етуге, пайдалануға, сондай-ақ заң актiлерi мен Yкiмет белгілеген жағдайларда билiк етуге;
      5) лицензиялауды жүзеге асыруға;
      6) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органының, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын органның функцияларын жүзеге асыруға;
      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
      8) бiрыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетiнiң корреспонденттiк шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкiмет белгiлеген тәртiппен тиiмдi орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;
      9) бөлiнген қаражат қазынашылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда қаржыландыруды қайтарып алуға, тоқтата тұруға;
      10) жергіліктi атқарушы органдардан облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бекiтiлген бюджетi туралы жиынтық деректер мен олардың атқарылуы туралы ай сайынғы есеп берулердi, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерден шығыстар сметасының атқарылуы туралы ай сайынғы есеп берулердi алуға;
      11) қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебiн және

сақтауды ұйымдастыруды жүргiзуге;
     12) ұлттық және шетелдiк валютада банктiк операциялардың жекелеген 
түрлерiн жүзеге асыруға;
     13) мемлекеттiк қаржы жүйесi органдарының мамандарын қайта даярлау 
жөнiндегі жұмысты ұйымдастырумен айналысуға;
     14) өз құзыретiнiң шегiнде заңды тұлғалардың қаржылық тәртiптi 
сақтауын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ оларды заңдарда белгіленген 
тәртiппен жауапқа тартуды жүзеге асыруға;
     15) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес және 
республикалық бюджетте көзделген сомалардың шегiнде несиелер беруге;
     15-1) мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуын және жүргізілуін 
бақылауды жүзеге асыруға;
     16) өзiне заңдармен жүктеген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы 
бар.
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 87      
              қаулысымен.  

P010087_

 

                          5. Министрлiктiң мүлкi
     
     13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
     Министрлiктiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны 
Министрлiктiң балансында көрсетілетiн өзге де мүлiктiң есебiнен 
қалыптасады.
     14. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
     15. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен 
шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
     Министрлiкке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке 
билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

                  6. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
     
     16. Министрлiк пен олардың аумақтық органдарын қоса есептегенде оның 
ведомстволары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiн 
құрайды.


      17. Министрдi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдiң өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, оның iшiнде бiр бiрiншi, орынбасарлары - вице-министрлерi болады.
      18. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
      19. Министр осы мақсатта:
      1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
      2) заңдарға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңдарда белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
      4) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
      5) өз құзыретiнiң шегінде Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегінде Министрлiктiң құрылымы мен штат санын бекiтедi;
      7) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi;
      8) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      20. Министрлiк қабылдаған шешiмдер министрдiң немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресiмделедi.
      21. Бірiншi вице-министр министр болмаған уақытта оның мiндетiн атқарады, Министрлiктiң комитеттерi мен департаменттерiнiң қызметiн үйлестiредi, өзiне министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
      22. Вице-министрлер министр белгiлеген өздерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiнiң шегiнде Министрлiктiң нормативтiк сипаты жоқ бұйрықтарына қол қояды.
      23. Министрлiктiң министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын министр бекiтедi.
      24. Министрлiктiң мемлекеттiк қаржы саясатын жүргiзу жөнiндегi функцияларды iске асыру үшiн құрамына келiсiм бойынша мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн, сондай-ақ жекелеген ғалымдар мен мамандарды енгiзе отырып, тұрақты жұмыс iстейтiн әдiстемелiк (методологиялық) кеңестер мен уақытша жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
      25. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастырудағы өзге де мәселелер,

лауазымды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз 
ететiн бөлiмшелердiң құзыретi мен құқықтық өкiлеттiгi Министрлiктiң жұмыс 
регламентiмен, белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн Министрлiк қызметiн 
қамтамасыз ететiн комитеттер, департаменттер және құрылымдық бөлiмшелер 
туралы ережелермен белгіленедi.

          7. Министрліктi қайта ұйымдастыру және тарату
     
     26. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
     
     
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.