Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 қаңтар N 28

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомстволық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 P990813_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен брілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомстволық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      "Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға болып
      Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
      Мусина Лилия Сәкенқызы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
      Биғалиев Ермекқали Аққалиұлы - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің хатшысы (келісім бойынша)";
      "Аханов Серік Ахметжанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары
      Айтжанов Дулат Нүлиұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

 

вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

     "Аханов Серік Ахметжанұлы - Қазақстан Республикасының Экономика

бірінші вице-министрі

     Айтжанов Дулат Нүлиұлы - "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры"

жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы";

     Ораз Әлиұлы Жандосов, Александр Владимирович Гусинский, Қадырбек

Нағымұлы Есқалиев көрсетілген құрамнан шығарылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі

   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.