Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 қаңтар N 25

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкін жер сілкіністерінің залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490 P941490_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 31-тармақтағы "3-қосымшаға сәйкес" деген сөз "2-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшаның жаңа редакциясы қосымшаға сәйкес жазылсын;
      3) көрсетілген қаулыға 3-қосымшаның күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 7 қаңтардағы N 25 қаулысына қосымша

                                         Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490 қаулысына 2-қосымша


     Алматы қаласы мен Алматы облысында болуы мүмкін жер
   сілкінісінің зардаптарын жою үшін бөлінетін, күштер мен құралдар
   ___________________________________________________________________
        Кім бөледі            ! Жеке құрамның  ! Техниканың саны,
                                саны, адам          бірлік
   ___________________________________________________________________
   а) Алматы қаласы үшін
   Астана қаласы                  1495               162
   Ақмола облысы                  1610               145
   Ақтөбе облысы                  2452               161
   Атырау облысы                  1280               160
   Шығыс Қазақстан облысы         6160               880
   Жамбыл облысы                  7440               1060
   Батыс Қазақстан облысы         1896               143
   Қарағанды облысы               1970               260
   Қызылорда облысы               1420               170
   Қостанай облысы                1700               150
   Маңғыстау облысы               1150               120
   Павлодар облысы                2755               420
   Солтүстік Қазақстан облысы     945                140
   Оңтүстік Қазақстан облысы      5433               660
   Қорғаныс министрлігі           1600               95
   Ішкі істер министрлігі         800                85
   Ұлттық қауіпсіздік комитеті    келісім және жеке жоспар
                                  бойынша
     
   б) Алматы облысы үшін
   Батыс Қазақстан облысы         100                 -
   Қарағанда облысы               4670               945
   Павлодар облысы                1155               235
   Оңтүстік Қазақстан облысы      1540               145
   Қорғаныс министрлігі           4000               240
   Ішкі істер министрлігі         720                60
   Ұлттық қауіпсіздік комитеті    келісім және жеке жоспар
                                  бойынша
  
  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.