Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 3 қаңтар N 1. (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат)

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің              
2000 жылғы 3 қаңтардағы       
N 1 қаулысымен           
бекітілген             

     Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
   жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың
                   Тізбесі

     1. "Спорттың бұқаралық түрлерінің республикалық жоғары
спорттық шеберлік мектебі" қазыналық кәсіпорны
     2. "Спорттың ойын және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі" қазыналық кәсіпорны
     3. "Спорттың қолданбалы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі" қазыналық кәсіпорны
     4. "Су спортының түрлері бойынша олимпиадалық резервтің республикалық балалар және жасөспірімдер мектебі" қазыналық кәсіпорны
     5. "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға
арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесі
     6. "Кәркен Ахметов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесі
     7. "Республикалық спорт колледжі" қазыналық кәсіпорны
     8. "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" қазыналық кәсiпорны
     9. <*>
     10. <*>
     11. <*>
     12. <*>
     13. <*>
     14. <*>
     15. "Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясы" қазыналық кәсіпорны
     16. <*>
     17. <*>
     18. "Спорт&КS" газетінің редакциясы" қазыналық кәсіпорын
     19. "Қазинтерспорт" қазыналық кәсіпорны
     20. "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
     21. "Олимпиадалық даярлау орталығы" қазыналық кәсiпорны 
     22. "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" қазыналық кәсiпорны 
     23. "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi <*>
     24. Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны. <*>
     ЕСКЕРТУ. Тiзбе өзгерді және 19-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.13. N 706  , 11-жол алынып тасталды - 2000.07.03. N 997  , 8,16,17-жолдар алынып тасталды, 15-жол өзгерді - 2000.07.14. N 1070  , 14-жол алынып тасталды - 2000.07.14. N 1071  , 20-жолмен толықтырылды - 2001.02.27. N 285  , 8-жолмен толықтырылды, 10-жол алып тасталды - 2001.03.02. N 323  , 13-жол алып тасталды - 2001.09.26. N 1253  , 21, 22-жолмен толықтырылды - 2002.02.27. N 251  , 9,12-жолдар алып тасталды - 2002.02.20. N 343  , 23-жолмен толықтырылды - 2002.06.19. N 673  , 24-жолмен толықтырылды - 2003.01.28. N  99  қаулыларымен.