Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа;
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі М.Қ.Әблязовқа сөгіс жариялансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А.Тлеубердиннің назары Кеңсе бөлімшелерінің Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын уақтылы және егжей-тегжейлі атқаруын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жетімсіздігіне аудартылсын.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Н.Ө.Балғымбаев, министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың басшылары Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының әрбір уақтылы орындалмау фактісі бойынша қызметтік тексерулер жүргізсін, кінәлі адамдарға атқаратын қызметтерінен босатуға дейін қатаң шаралар қолдансын.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі тәртіпсіздік пен жалаң нысаншылдық себептерін жою, олардың аппараттарының жұмысын тәртіпке келтіру, ұйымдық-бақылау және құжаттамалық бөлімшелерді кадрлық және техникалық тұрғыда нығайту, лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру жөнінде жедел шаралар қолдансын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қатысуымен министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар аппараттарының Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын атқаруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысын ұдайы тексеріп отыратын болсын. 6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.