Жоғары әскери, арнаулы және өзге атақтар жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1996 жылғы 22 қараша N 3238. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.11.03. N 88 өкімімен. ~N990088

Күшін жойған

     Жоғары әскери, арнаулы және өзге атақтар берудi ретке келтiру 
мақсатында:
     1. Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң жанында мына құрамда 
Әскери, арнаулы және өзге атақтар жөнiндегi комиссия құрылсын:
    Сәрсеков Б.С.             - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы,
                                Комиссия төрағасы
    Комиссия мүшелерi:

    Әубәкiров Т.О.            - Қазақстан Республикасы
                                Президентiнiң көмекшiсi
    Нұрмағамбетов С.Қ.        - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                                штаттан тыс кеңесшiсi
    Рогов И.И.                - Қазақстан Республикасы
                                Президентiнiң көмекшiсi
    Смағұлов Н.Р.             - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                Аппараты Қорғаныс және құқық тәртiбi
                                бөлiмiнiң меңгерушiсi
    Судьин А.С.               - Қазақстан Республикасының Президентi
                                Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк қызмет
                                және кадр саясаты бөлiмiнiң
                                меңгерушiсi

    2. Комиссияның негiзгi мiндетi жоғары атақтар беру жөнiнде келiп
түскен ұсыныстарды алдын-ала зерделеу және солар  бойынша  Қазақстан
Республикасының Президентiне  ұсыныстар  енгiзу  болып табылады деп
белгiленсiн.
    3. Әскери,  арнаулы  және  өзге  атақтар  жөнiндегi  комиссияның
төрағасы Комиссия  туралы  ереже  әзiрлеп,  Қазақстан   Республикасы
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қарауына ұсынатын болсын.

    Қазақстан Республикасының
    Президентi