Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жастар саясатын жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкімі 1996 жылғы 7 қазан N 3121. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Бiрыңғай мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру, оны құқықтық жағынан қамтамасыз ету, жастар шығармашылығы мен әлеуметтiк маңызы бар бастамаларын қолдау, жастарды еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi: 
      1) "Жастар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеп, 1997 жылдың 1-тоқсанында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзсiн; 
      2) 1997 жылдың 1 маусымына дейiн шағын және орта кәсiпкерлiктi, жастар шығармашылығын, әлеуметтiк маңызы бар бастамаларын, сондай-ақ балалар және жастар бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуды мемлекеттiк қолдау шараларын әзiрлейтiн болсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi