1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, мемлекеттiк органдар мен барлық деңгейлердегi әкiмдердiң бiрiншi дәрежелi мiндетi:
- биылғы ауылшаруашылық жылындағы астық жинауды ұйымшылдықпен және уақтылы өткiзу;
- халық шаруашылығын алдағы күзгi-қысқы кезеңге дайындауды қамтамасыз ету деп саналсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiне, облыстар әкiмдерiне барлық нысандардағы ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге өсiрiлген ауылшаруашылық дақылдары өнiмiн уақтылы жинау мен сату, мемлекеттiк мұқтаждар үшiн астық пен басқа да дақылдарды бiрiншi кезекте және сөзсiз жеткiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасауға тыңғылықты шаралар қолдану мiндеттелсiн.
Осы мiндеттердiң орындалуы үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ж.С.Кәрiпжанов пен барлық деңгейлердегi әкiмдерге дербес жауапкершiлiк жүктелсiн.
3. Ауылшаруашылық жинау жұмыстарына дайындық пен оларды өткiзуге байланысты мәселелердi жедел шешу үшiн мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын: Ж.С.Кәрiпжанов - Премьер-Министрдiң орынбасары (топ басшысы), С.Ш.Ақымбеков - Ауыл шаруашылығы министрi (жұмыс тобы басшысының орынбасары), Н.Ө.Балғымбаев - Мұнай және газ өнеркәсiбi министрi, Ю.И.Лавриенко - Көлiк және коммуникация министрi, А.С.Павлов - Қаржы министрi, В.В.Храпунов - Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрi, В.В.Шевелев - Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары, О.Ә.Жандосов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, Б.З.Зиябеков - Қазақ аграрлық - өнеркәсiптiк банкi басқармасының төрағасы, А.И.Бектемiсов - "Кең дала" компаниясының президентi, Ғ.Т.Әбдiлманов - "Өнiм" компаниясының президентi, В.Г.Федченко - "Қазагрореммаш" компаниясының президентi, М.Ғ.Сүлейменов - "Сельхозмаш" компаниясының президентi, Т.А.Хасанов - "Мұнайгаз" компаниясының президентi, Б.С.Садықов - Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының президентi, Р.Д.Әзiмов - Халықаралық қазақстандық аграрлық-өнеркәсiптiк биржасының президентi.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi, барлық деңгейлердегi әкiмдер мен құқық қорғау органдарының басшылары жиналған өнiмдi сақтауды қамтамасыз ету, оның талан-таражға түсуi мен контрабандалық тасылуын болдырмау жөнiнде қажеттi шаралар қолданатын болсын.
Жаппай астық жинау науқаны басталғанға дейiн Қазақстан Республикасының ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен шекарасында бақылау-өткiзу пункттерiн қалпына келтiру, сондай-ақ елдiң астық өндiретiн аймақтарының аумақтарында тиiстi техникалық және көлiкпен жарақтанған осындай пункттер құру қамтамасыз етiлсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң электр энергетикасы объектiлерi мен электр және жылу қуаты тұтынушылар 1996/97 жылдардағы күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа дайындауды ұйымдастыру жөнiндегi жұмысы қанағаттанғысыз деп танылсын және оған отынның қажеттi қорларын жасау мен басқа да қыс алдындағы дайындық жұмыстарындағы артта қалушылықтардың орнын толтыру жөнiнде кiдiрiссiз шаралар қолдану жүктелсiн.
Орын алған кемшiлiктердi жою туралы 10 күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Президентiне баян етiлсiн.
Осы мiндеттердiң орындалуы үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г.Штойк пен барлық деңгейлердегi әкiмдерге дербес жауапкершiлiк жүктелсiн.
6. Халық шаруашылығын алдағы күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа дайындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелердi жедел шешу үшiн мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын: Г.Г.Штойк - Премьер-Министрдiң орынбасары (топ басшысы), В.В.Соболев - Премьер-Министрдiң орынбасары (топ басшысының орынбасары), Н.Ө.Балғымбаев - Мұнай және газ өнеркәсiбi министрi, Ю.И.Лавриенко - Көлiк және коммуникациялар министрi, А.С.Павлов - Қаржы министрi, В.В.Храпунов - Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрi, С.Ә.Жандосов - Ұлттық Банктiң төрағасы, М.К.Кетебаев - Қазақстан Республикасының Экономика министрiнiң орынбасары.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
- көрсетiлген бағыттар жөнiндегi iстердiң жай-күйi, жүргiзiлген
жұмыс пен қол жеткен нәтижелер туралы Қазақстан Республикасының Президентiне әр 15 күн сайын баяндап тұрсын; - айына кемiнде екi рет баспасөзде астық жинау мен күзгi-қысқы кезеңге дайындыққа байланысты iстердiң жай-күйiн көрсететiн ресми ақпарат жариялайтын болсын. 8. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы А.С.Есiмов пен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Президентi