"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы iске асыру шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1995 жылғы 22 желтоқсан N 2718

Қолданыстағы
      "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
      Қазақстан Республикасының заңдарын "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына U952717_ сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiрсiн;
      мемлекеттiк органдардың "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн өз нормативтiк актiлерiн қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жер инспекциясын құру туралы ұсыныстар енгiзсiн;
      2) мыналарды әзiрлеп,бекiтетiн болсын:
      Мемлекеттiк жер кадастры және Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру туралы ереже;
      Жердi қайта бөлу қорын құру тәртiбi туралы ереже;
      Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары және бұларды басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы ереже;
      Жердi алған кезде шығындарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеудiң тәртiбi мен мөлшерi туралы ереже;
      Қызмет бабында жер үлесiн алуға құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесi;
      Ластанған және бүлiнген жерлердi алудың, қорғау мен пайдаланудың тәртiбi туралы ереже;
      3) "Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы" заң актiсiнiң

жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлеп, ұсынатын болсын;
     4) 1996 жылғы 1 сәуiрге дейiн:
     Жердi меншiкке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берудiң
тәртiбi мен нормаларын;
     Жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығын
куәландыратын құжаттардың нысанын;
     Мемлекет жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн
жер үшiн ставкаларының мөлшерiн;
     Азаматтар мен заңды тұлғаларға берiлетiн жер учаскелерiнiң
шектi мөлшерiн;
     Жер учаскелерiн мемлекет мұқтажы үшiн алудың және сатып алудың
тәртiбi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi