Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1995 жылғы 21 желтоқсан N 2705. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      1. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, аппарат қызметкерлерiнiң белгiленген саны шегiнде 65 адам есебiнде бекiтiлсiн. 

      2. Баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында заңдылықты сақтауды бақылау жөнiндегi облыстық инспекциялардың
қызметкерлер саны 42 адам есебiнде белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне Төрағаның екi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 11 адамы бар алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат
iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң орталық аппараты үшiн қызметтiк
3 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң   
1995 жылғы 21 желтоқсан
N 2705 өкiмiне 
ҚОСЫМША    

  Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат
iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi орталық аппаратының
Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы

      Баспа iсi, маркетинг және кiтап тарату жетекшi басқармасы.    Өндiрiс, полиграфияны ғылыми-техникалық дамыту және сыртқы байланыстар жетекшi басқармасы.
      Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптау-талдау жұмысы және
баспасөзде заңдылықты сақтауды бақылау жетекшi басқармасы.
      Қаржы-экономикалық жетекшi басқармасы.
      Құқықтық реттеу және кадр бөлiмi.
      Әкiмшiлiк-шаруашылық басқармасы.