Мерекелiк медалi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi. 1994 жылғы 4 тамыз N 1822

Қолданыстағы

      "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 50 жыл" мерекелiк медалін тапсыру тәртiбi туралы нұсқау бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
1994 жылғы 4 тамыздағы
N 1822 Өкiмiмен 
Бекiтiлдi 

"1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 50 жыл"
мерекелiк медалiн тапсырудың тәртiбi жөнiндегi
НҰСҚАУ

      1. "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 50 жыл" мерекелiк медалi /бұдан әрi медаль деп аталады/ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 26 қазандағы N 2485-ХII қаулысымен бекiтiлген осы жөнiндегi Ережеге сәйкес мыналарға тапсырылады:
      КСРО Қарулы Күштерiнiң қатарында Ұлы Отан соғысының майдан шептерiндегi ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметкерлер мен ерiктi жалдамалы құрамдардың адамдарына;
      Ұлы Отан соғысының партизандарына, астыртын майданға қатысушыларға;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде КСРО Қарулы Күштерiнiң қатарында қызмет еткен әскери қызметкерлер мен ерiктi жалдамалы құрамның адамдарына;
      "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн", "Жапонияны жеңгенi үшiн" медальдармен наградталған адамдарға;
      "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн" медалiнiң куәлiгi берiлген адамдарға;
      "Соғысқа қатысушының куәлiгi" бар адамдарға;
      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегi үшiн КСРО ордендерiмен, "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлiк еңбегi үшiн", "Еңбектегi ерлiгi үшiн", "Еңбекте үздiк шыққаны үшiн", "Ленинградты қорғағаны үшiн", "Москваны қорғағаны үшiн", "Одессаны қорғағаны үшiн", "Севастопольдi қорғағаны үшiн", "Сталинградты қорғағаны үшiн", "Киевтi қорғағаны үшiн", "Кавказды қорғағаны үшiн", "Кеңестiк Заполярьенi қорғағаны үшiн" медальдерiмен наградталған тылдағы еңбеккерлерге;
      "Құрсаудағы Ленинград тұрғынына" белгiсiмен наградталған немесе "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлiк еңбегi үшiн" медалiнiң куәлiгi бар адамдарға;
      Концлагерлердiң, геттолардың және екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған басқа да ерiксiз ұстау орындарының кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген азаматтарға, бұған уақытша жау басып алған аудандарда жұмыс iстеген уақыт кiрмейдi.
      2. Қазақстан Республикасының наградталған азаматтарының тiзiмiн жасау мен бекiтудi мыналар жүргiзедi:
      1995 жылғы 9 мамырда әскери қызметте болып саналатын әскери қызметкерлерге Медаль жөнiндегi ережеге сәйкес негiздер бар жағдайда - әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, басқармалардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi әскери-оқу мекемелерiнiң /бұдан әрi әскери бөлiмдер деп аталады/, басқа да министрлiктер мен ведомстволардың кадр органдары;
      КСРО Қарулы Күштерiнен шығып қалған, Ұлы Отан соғысы және милитаристiк Жапонияға қарсы соғыс жылдарында /1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығы/ Қызыл Армияның, Әскери-Теңiз Флотының, КСРО Iшкi Iстер Халық комиссариатының, Мемлекет Қауiпсiздiгi Халық комиссариатының әскерлерi мен органдарында штаттағы жалдамалары құрамында әскери қызмет өткерген немесе жұмыс атқарған адамдарға - әскери комиссариаттар, ҰҚК мен Iшкiiсминiнiң басқармалары мен бөлiмшелерi;
      бұрынғы партизандар мен астыртын майданға қатысушыларға, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегi үшiн Нұсқаудың I тармағында санамалап көрсетiлген ордендермен және медальдармен наградталған тыл еңбеккерлерiне, "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған немесе "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлiк еңбегi үшiн" медалiнiң куәлiгi бар адамдарға, концлагерлердiң, геттолардың және екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған басқа да ерiксiз ұстау орындарының кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген азаматтарға /бұған уақытша жау басып алған аудандарда жұмыс iстеген уақыт кiрмейдi/ - өкiлдi өкiмет органдары.
      Наградталғандарға тiзiмдер /N 1,2 нысан/ жұмыс және қызмет орындарында /соның iшiнде бұрынғы әскери қызметкерлерге де/, ал жұмыс iстемейтiндерге - тұрғылықты мекен-жайларда жасалады. Бұл тiзiмдерге осыларды құрастыруға жауапты лауазым иелерiнiң қолдары қойылады және оларды тиiстi әскери бөлiмдердiң командирлерi, әскери комиссарлар, өкiлдi өкiмет органдары, республика Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгi басшылары бекiтедi.
      Тiзiмдерге бiр адамның қайта енiп кетуi орын алмауы үшiн тiзiм әзiрлеу жұмысы әскери комиссариаттармен, республика ҰҚК-мен, Iшкiiсминiмен өкiлдi өкiмет органдарымен келiсiлуi тиiс.
      3. Медальмен наградталғандардың тiзiмдерiн жасауға мыналар негiз болып табылады:
      әскери қызметкерлер үшiн - әскери - тiркеу құжаттары, сондай-ақ осы Нұсқаудың I тармағына сәйкес медальмен наградтауға құқық беретiн әскери қызметкерлердiң басқа да құжаттары;
      басқа азаматтар үшiн - осы Нұсқаудың I тармағына сәйкес медальмен наградтауға құқық беретiн өздерi ұсынатын құжаттар.
      Мұндай құжаттарға мыналар да жатады:
      қызыләскер кiтапшасы;
      әскери билет;
      еңбек кiтапшасы;
      әскери қызмет атқарғаны немесе жұмыс iстегенi туралы әскери бөлiм қолбасшылығы берген немесе тиiстi архив органдары берген анықтама;
      Ұлы Отан соғысы майдандарында, милитаристiк Жапониямен соғыста алған жарақты /контузиясы/ жөнiнде анықтама;
      "Отан соғысы мүгедегiнiң куәлiгi";
      "Соғысқа қатысушының куәлiгi";
      Ұлы Отан соғысы жылдарында ұрысқа қатысушы армияның қатарына жататын әскери бөлiмдердiң ерiктi жалдамалы құрамдарының адамдарына берiлген "Жеңiлдiктерге құқығы жөнiндегi куәлiк" /ашық жасыл түстi/;
      "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн", "Жапонияны жеңгенi үшiн", "Соғысқа қатысушыға", "Еңбек майданында қатысушыға" деген жазулары бар "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң отыз жылдығы", "Соғысқа қатысушыға","Еңбек майданына қатысушыға" деген жазулары бар "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң қырық жылдығы" медальдарымен наградталғандығы жөнiндегi куәлiктер;
      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегi үшiн КСРО ордендерiмен, "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлiк еңбегi үшiн", "Еңбектегi ерлiгi үшiн", "Еңбекте үздiк шыққаны үшiн", "Ленинградты қорғағаны үшiн", "Москваны қорғағаны үшiн", "Одессаны қорғағаны үшiн", "Севастопольдi қорғағаны үшiн", "Сталинградты қорғағаны үшiн", "Киевтi қорғағаны үшiн", "Кавказды қорғағаны үшiн", "Кеңестiк Заполярьенi қорғағаны үшiн" медальдарымен, "Құрсаудағы Ленинград тұрғынына" белгiсiмен наградталғандығын айғақтайтын құжаттар. Жоғарыда аталған наградалармен наградталғандығын айғақтайтын құжаттар жоғалған жағдайда медальмен наградталғандығын растап куәландыра алатын мемлекеттiк органдардың құжаттарының негiзiнде, әйтпесе жоғарыда аталған медальдармен наградталғандығы жөнiнде еңбек кiтапшасындағы жазудың негiзiнде табыс етiле алады.
      "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлiк еңбегi үшiн" медалiнiң куәлiгi;
      құжаттар мен арнаулы куәлiктер, концлагерлердiң, геттолардың және екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған басқа да ерiксiз ұстау орындарының кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына берiлген жеңiлдiктерге құқықтары туралы куәлiктер немесе халықты әлеуметтiк қорғау органдарының тиiстi жазуы бар зейнеткерлiк куәлiктер;
      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеу фактiсiн айғақтайтын еңбек кiтапшасындағы жазу немесе архив анықтамасы, бұған уақытша жау басып алған аудандарда жұмыс iстеген уақыт кiрмейдi.
      Куәлердiң көрсетулерi азаматтарды медальмен наградталғандардың тiзiмiне енгiзу үшiн негiз бола алмайды.
      Наградталғандардың тiзiмi әлсiн-әлсiн нақтыланғаны дұрыс.
      4. Медальдi Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан мыналар тапсырады:
      әскери қызметкерлерге -әскери бөлiмдердiң командирлерi /бастықтары/;
      басқа азаматтарға - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк өкiмет органдарының, әскери комиссариаттардың басшы қызметкерлерi.
      Наградталғандарға медаль, әдетте, оларды тiзiмге енгiзген жерде тапсырылады. Наградталғандарға медальмен бiрге белгiленген нысандағы куәлiк табыс етiледi.
      Әскери комиссариаттар басшы қызметкерлерiнiң медальдi еңбек ұжымдарында, соғыс және еңбек ардагерлерiнiң салтанатты бiрлескен жиналыстарында тапсыру тәртiбi тиiстi өкiлдi өкiмет органдарымен келiсiледi.
      Медальдар мен олардың куәлiктерi қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбектерiнiң отбасыларына берiлмейдi.
      Медальдiң табыс етiлгендiгi жөнiнде наградталғандардың тiзiмiне тиiстi жазу жазылады.
      Медальдар тапсырылып болғаннан кейiн наградталғандардың тiзiмi белгiленген тәртiп бойынша тұрақты сақталады.
      Медальдар тапсырылғандығы жөнiндегi мәлiметтердi /3 нысан/ өкiлдi өкiмет органдары, Қорғаныс министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасының Президентiнiң күзет қызметi және Азаматтық қорғаныс штабы 1995 жылғы 15 қыркүйекке және 1996 жылғы 15 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппаратына жiбередi.
      Жергiлiктi жерлерден мәлiметтердi жинау тәртiбiн жоғарыда аталған өкiлдi және атқарушы өкiмет органдары белгiлейдi.

N 1 нысан 

         БЕКIТЕМIН
  ______________________                   _______________________
  /әскери комиссар, әскери                  облысы, ауданы, қаласы
  бөлiмнiң командирi, шенi,
        Ф.А.Ә/

        М.О.
                "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 50 жыл"
                мерекелiк медалiмен наградталғандардың_____________
                ___________________________________________________
                /кәсiпорынның,мекеменiң,ұйымның,әскери бөлiмнiң аты/
                __________________ бойынша

ТIЗIМI

Әскери комиссариаттар, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi,
Iшкi iстер министрлiгi тапсыратын медальдер

____________________________________________________________________
NN | Фамилиясы,аты| Үйiнiң адресi, |                   |
   |әкесiнiң аты, | телефоны       | Тiзiмге енгiзуге  | Медаль
р/ | әскери       |                | негiз болған құжат|тапсырылған
 н |қызметкерлердiң                |                   |күн және  
   | шенi         |                |                   |куәлiктiң N
--------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------                /ұйым жетекшiсiнiң қызметi/
                                    
------------------------------

 М.О.                                         /қолы, Ф.А.Ә./

 199__жылғы"__"____________

Осы тiзiм бойынша наградталғандарға медальдiң тапсырылуы
куәландырылады

________________________________________________________________
                         /қызметi/
 М.О.                              
_________________________________
                                            /қолы, Ф.А.Ә./
 199__ жылғы _______________

N 2 нысан

   БЕКIТЕМIН
__________________________
__________________________
/өкiлдi өкiмет органдарының                   облысы, ауданы, қаласы
басшысы, Ф.А.Ә/

  М.О.           "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 50 жыл"
                     мерекелiк медалiмен наградталғандардың
                     _________________________________________бойынша
                      /кәсiпорындардың,мекеменiң,ұйымның аты/

ТIЗIМI

Өкiлдi өкiмет органдары тапсыратын медальдер

____________________________________________________________________
NN| Фамилиясы,аты,әкесiнiң| Үйiнiң адресi,|Тiзiмге      |Медаль
  |        аты            |  телефоны     |енгiзуге негiзтапсырылған
                                          |болған құжат |күн және
  |                       |               |             |куәлiктiң N
--------------------------------------------------------------------

         --------------------------------------------------------
                       /ұйым жетекшiсiнiң қызметi/
 
  М.О.                                         ____________________
                                                /қолы, Ф.А.Ә./
 
 199__жылғы "__"____________

       Осы тiзiм бойынша наградталғандарға медальдiң тапсырылуы
       куәландырылады___________________________________________
                      /қызметi/
  М.О.                                        ___________________
                                                 /қолы.Ф.А.Ә./
 199__жылғы"___"______________

N 3 нысан

                         "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске
                          50 жыл" мерекелiк медалiнiң _____________
                           _________________________________________
                         /облысы,қаласы,әскери комиссариаты,әскери                            бөлiмi, министрлiгi,ведомствосы/
                         бойынша тапсырылғандығы жөнiнде 199__ жылғы
                         "___"___________дейiнгi

МӘЛIМЕТ

____________________________________________________________________
     Мерекелiк медальмен            |
     наградталғандардың             |   Мерекелiк медаль табыс
     тiзiмiне енгiзiлгендердiң      |   етiлгендердiң барлығы
     барлығы                        |
___________________________________________________________________

                  ___________________________________________________                    /өкiлдi өкiмет, МҚК,IIМ, органының басшысы,әскери
                   комиссар, әскери бөлiм командирi/

    199   жылғы "__" ____________________________________________
                                        /қолы, Ф.А.Ә./