1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында жаппай қуғын-сүргiндердi қолдануға және адам құқына қол сұғуға негiз болған заң актiлерiн, үкiмет, партия және басқа органдардың шешiмдерiн, сондай-ақ ведомстволық актiлердi құпиясыздандыру жөнiнде мына құрамда ведомствоаралық комиссия құрылсын: Тақуов Хайыржан Шайқыұлы - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты басшысының бiрiншi орынбасары, комиссияның төрағасы Қасымбеков Махмұд Базарқұлұлы - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Жалпы бөлiмiнiң меңгерушiсi, комиссия төрағасының орынбасары Байжанов Сапар - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Бас архив және құжаттама басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелерi Ахметов Серiк Баужанұлы - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк техникалық комиссия төрағасының орынбасары Қозыбаев Манаш Қабашұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигi, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнография институтының директоры, Әдiлет ерiктi тарихи-ағарту қоғамының төрағасы Хасанаев Марат Жақсыбайұлы - Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiнiң директоры Қарпықова Ғалия - Қазақстан Республикасының Орталық Әбдiқадырқызы мемлекеттiк қазiргi заман тарихы архивiнiң директоры Локтев Виктор Владимирович - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi архивiнiң бастығы Васько Виктор Григорьевич - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жанындағы ақпараттық- есептеу орталығы бастығының орынбасары Гапич Михаил Ульянович - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының қалпына келтiру бөлiмiнiң прокуроры Ашитов Батыржан - Қазақстан Республикасының Президентi Заиржанұлы мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Құқық қорғау органдары бөлiмiнiң референтi Исақов Орынбасар - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iшкi саясат бөлiмiнiң референтi
2. Құпиясыздандыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия өз қызметiнде "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен "Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаудың" ережелерi мен талаптарын қатаң басшылыққа алып отырсын.
3. Министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың басшылары
құпиясыздандыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жаппай қуғын-сүргiндерге негiз болған құжаттар мен материалдарға кедергiсiз қолы жетуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Президентi