2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Экономика министрлiгi жариялауға жататын халықаралық келiсiмдер Бюллетень редакциясына бiрiншi кезекте жiберiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Бюллетень үш айда бiр рет мерзiмдiлiкпен қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде шығарылып тұрады.
4. Бюллетеньге әдiстемелiк басшылық ету және оны басып шығару Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн, оған 2 айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, келiсiмдерiн және жекелеген заң актiлерiн жариялау тәртiбiн әзiрлеу тапсырылады.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бюллетеньдi
әзiрлеу мен шығаруға арналған қажеттi қаржы бөлiнуiн көздейтiн болсын. 6. Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Бюллетеньнiң кiтап саудасы арқылы таратылуы мен өткiзiлуiн ұйымдастырсын. 7. Байланыс министрлiгi Бюллетеньнiң жазылу бойынша таратылуын қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Президентi