"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 2 өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның құрамына:
      Ерғожин                - Қазақстан Республикасының Қаржы
      Дәулет Еділұлы           министрлігі Мемлекеттік кіріс
                               комитетінің төрағасы,

      Жұмаділдаев            - Қазақстан Республикасының Қаржы
      Әнуар Серқұлұлы          министрлігі Қаржылық бақылау
                               комитетінің төрағасы,

      Қожамжаров             - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
      Қайрат Пернешұлы         қызмет істері және сыбайлас
                               жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
                               агенттігінің төрағасы,

      Тәжияқов               - Қазақстан Республикасының Қаржы
      Бисенғали Шамғалиұлы     министрлігі Қаржы мониторингі
                               комитетінің төрағасы енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев