Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 шілдедегі N 337 Өкімі

Қолданыстағы

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат; N 50, 529-құжат; 2007 ж., N 2, 22-құжат; N 13, 146-құжат; N 45, 528-құжат; 2008 ж., N 1, 1-құжат; N 28, 263-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен айқындалған Республикалық бюджет комиссиясының құрамына енгізілсін:

Бишімбаев                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы          көмекшісі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев