Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 234 Өкімі

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасы Президенті  
мен Үкіметі актілерінің жинағында  
жариялануға тиіс    

       "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537  өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат, N 50, 529-құжат; 2007 ж., N 2, 22-құжат; N 13, 146-құжат; 2008 ж., N 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Исекешов                   - Қазақстан Республикасы
      Әсет Өрентайұлы              Президентінің көмекшісі;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан В.С.Школьник шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев