Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 180 Өкімі

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті  
мен Үкіметі актілерінің жинағында  
жариялануға тиіс          

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537  өкіміне  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат, N 50, 529-құжат; 2007 ж., N 2, 22-құжат, N 13, 146-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Кармазина              - Қазақстан Республикасының Экономика және
Лена Мағауияқызы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы,

Жәмішев                - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы

Пірматов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ғалымжан Олжаұлы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі,

Сағынтаев              - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Бақытжан Әбдірұлы        Кеңсесінің Басшысы;

      мына:

"Құсайынов             - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы",

"Орынбаев              - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ербол Тұрмаханұлы        Кеңсесінің Басшысы"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Орынбаев              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы        орынбасары, төрағаның орынбасары",

"Құсайынов             - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі";

      көрсетілген комиссияның құрамынан Н.А. Коржова шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті